Фото: Vesti.ru
Индонезияның Суматра аралдарындағы Ачех провинциясында болған 6,5 балдық зілзаладан қаза тапқандар саны 102 адамға жетті,- деп хабарлады 24.kz.
7,5 мыңға жуық тұрғын үй-күйсіз қалған. Бұл туралы жергілікті құтқарушылар мен полиция өкілдері мәлімдеді. Баспанасыз қалған халық уақытша тұрақтау орталықтарына орналастырылған. Олар – негізінен Пиди, Пидиджай мен Бирен аудандарының тұрғындары. Қазір бұл аймақта төтенше жағдай енгізілген. Ел президенті зардап шеккендерге шұғыл көмек беруді бұйырды. Естеріңізге сала кетейік, 6,5 балдық зілзадан кейін жүзден астам жерасты дүмпулері тіркелген.
Дереккөз: 24.kz