Атырау, 27 қараша 15:26
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

ИМ содырлары Пальмираны қайтадан басып алды

2 289 просмотра

Фото: АР

Алматы. 12 желтоқсан. ҚазТАГ – «Ислам мемлекеті» (ИМ) содырлары қайтадан көне қала Пальмираны (Дамаскіден 240 км) басып алды, деп хабарлады ТАСС.

Өткен жұмада содырлар қала маңындағы армиялық 7-ші блок-посты басып алып, сириялық 26 жауынгерді өлтірді. Сенбі күні ИМ содырларына тойтарыс беру үшін Пальмираға қосымша әскери бөлімшелер жіберілді.

Хомс провинциясының (Пальмира осы провинцияда орналасқан) губернаторы Таляль аль-Баррази, ИМ Пальмираға Ракки, Дейр-эз-Зор және көрші Ирактан 5 мыңдай содырларды әкелгенін айтады.

Осылайша ИМ содырлары сан жағынан басым болып тұрғандықтан САР ҚК әскерді қаладан алып кетуге мәжбүр болды. Бұл ретте Сирия әскерлері қаланы тастап шығар алдында, қаладағы бейбіт тұрғынның 80%-ын эвакуациялады.
Еске салсақ, Пальмира содырлардан биылғы 24 наурызда РФ ӘҒК көмегінің арқасында азат етілген. Одан соң ресейлік саперлер қаланы және онда орналасқан көне ескерткіштерді минадан тазартуға қатысты.

Пальмира (арабша аты Тадмор) – Дамаск пен Евфрат арасында орналасқан Сирияның көне қаласы. Бұл қала б.ж.с. дейінгі І-ІІІ ғасырларда Алдыңға Азияда маңызды орын алған, қала арқылы сауда жолдары өткен.

ЮНЕСКО Пальмираның сәулеттік мұражай кешенін Әлемдік мәдени мұра тізіміне алған. 2015 жылғы мамыр айынан бастап Пальмирадағы көне мәдениет ескерткіштерін «Ислам мемлекеті» содырлары озбырлықпен жоюға кірісті.

Дереккөз: ҚазТАГ


12 желтоқсан 2016, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.