Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатында орналасқан Майдугури қаласындағы базарда 7-8 жастағы екі қыз бала жарылғыш заттары бар белдікті іске қосты. Салдарынан бір адам қаза тауып, 8 адам жарақат алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Би-Би-Си-ге сілтеме жасап.
Екі жарылыс араға бірнеше минут салып жасалды. Бұл уақытта базарға келушілер саны өте көп болған. Екі қыз да жарылыс кезінде мерт болды. Жергілікті халық жасағының өкілі Абдулкарим Жабо журналистерге қыздар базарға келгеннен кейін, дереу оның ортасына қарай бет алғанын мәлім етті. «Мен олардың бірімен бастапқыда хаусада, кейін ағылшын тілінде сөйлесуге талпындым, бірақ ол тіл қатпады», - деді Жабо. Кейін ол қыздардың бірі сауда қатарларына жақындап, жарылғыш затты іске қосқанын көрген.
Жарылыс үшін жауапкершілікті әзірге ешкім өз мойнына алған жоқ. Нигериялық «Боко Харам» тобы бұған дейін де балаларды жанкешті ретінде пайдаланғаны мәлім. Соңғы айларда нигериялық жасақ содырларды біршама ығыстырды, дегенмен «Боко Харам» әлі күнде дейін жарылыстар ұйымдастырып тұрады.
Дереккөз: ҚазАқпарат