Атырау, 27 қараша 14:50
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Италия: Маттео Ренци референдумнан соң отставкаға кетеді

1 499 просмотра

Фото: Reuters

Италия премьер-министрі Маттео Ренци бүгін елде конституциялық реформалар жасау әрекеті сәтсіздікке ұшырағанын мойындап, өзінің отставкаға кететінін мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық.

Еуропа Одағымен ынтымақтастық қолдайтын Ренци отставкаға кететіні туралы 5 желтоқсанға қараған түні, референдумда өзі ұсынған үкіметке экономикалық реформалар жүргізу үшін қосымша құзырет беретін саясаты қолдау таппаған соң жариялады. Италияда 4 желтоқсанда өткен референдумның алдын ала нәтижелері бойынша, сайлаушылардың көпшілігі Ренцидің заңдарға ұсынған өзгерістерін қабылдамаған.

Бұл дауыс беру мен Ренцидің отставкаға кетуі Италияда саяси тұрақсыздықтың қайта басталуына себеп туындатады. Референдум қорытындысы Италияда банк секторындағы дағдарысты қайта бастап, еуро қолданылатын аймақтарда жаңа қаржы дағдарысына әкеліп соқтыруы мүмкін. Бұған дейін Италияның оппозицияшыл партиялары Италияны еуро қолданылатын аймақтан, я Еуропа Одағы құрамынан шығару үшін үкіметті отставкаға жіберу қажетін мәлімдеген.

Дереккөз: Аzattyq.org

5 желтоқсан 2016, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.