Атырау, 27 қараша 14:42
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ресей ислам комитетінің төрағасы Гейдар Джемаль қайтыс болды

2 037 просмотра

Фото: РИА НовостиРесей ислам комитетінің төрағасы, "Ресей ислам мұрасы" қоғамдық қозғалысы төрағаларының бірі Гейдар Джемаль қайтыс болды. Бұл туралы оның Facebook-тегі парақшасында хабарланды.

Гейдар Джемаль 69 жаста болған. Журналист Максим Шевченко Джемальдің ұзаққа созылған ауыр науқастан көз жұмғанын жазды.

Марқұм Алматыда көз жұмған, 6 желтоқсанда Алматыда жерленбек.

Гейдар Джемаль Ресей ислам комитетін 1993 жылдан басқарған. Ол "Солшыл майданның" үйлестіру кеңесін құрушылардың бірі болған. "Наразылар маршына" қатысқан.

1999 жылы Ресей мемлекеттік думасының сайлауына қатысқан. 2010 жылы ол Ресей оппозициясының "Путин кетуі тиіс" деп аталатын үндеуіне қол қойған.

Гейдар Джемаль Ресейдің "Бірінші арнасында" "Ныне" деп аталатын бағдарламасын, "Культура" телеарнасында "Все суры Корана" бағдарламасын және РТР телеарнасында "Тысяча и один ночь" бағдарламасын жүргізген. Ислам туралы алты кітаптың авторы.

Гейдар Джемаль Азаттықтың Орыс редакциясының эфирінде саясаттанушы, қоғам және ислам қайраткері ретінде талай рет сөйлеген.

Дереккөз: Аzattyq.org

5 желтоқсан 2016, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.