Атырау, 27 қараша 15:29
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Мирзияев әкімдерді сайлауды ұсынды

2 121 просмотра

Өзбекстанның жаңадан сайланған президенті Шавкат Мирзияев облыс пен қала әкімдерін тікелей сайлауды ұсынды,- деп хабарлады Азаттық.

Ташкентте ел конституциясының 24 жылдығы құрметіне сөйлеген Мирзияев "халық сайласа, жергілікті биліктің жауапкершілігі арта түсерін" мәлімдеген. Басшылардың "жұртпен араласпайтынын, елдің шаруасын шешпейтінін" айтқан Шавкат Мирзияев 2017 жылды "Халықпен диалог және адам мүддесі жылы" деп жариялауды ұсынды.

Өзбекстанда ел тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері облыс пен қала әкімдерін президент тағайындап келеді.

Елде 4 желтоқсанда өткен мерзімінен бұрынғы президент сайлауында ресми есеп бойынша премьер-министр әрі президент міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзияевтың 88,6 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткені хабарланған.

Дереккөз: Аzattyq.org

9 желтоқсан 2016, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.