Атырау, 22 ақпан 07:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Жерорта теңізінде Ресейдің Су-33 әскери ұшағы апатқа ұшырады

2 353 рет қаралды

Ресейдің көп функциялы Су-33 жойғыш ұшағы "Адмирал Кузнецов" авиа тасығышына қонатын кезде апатқа ұшырады деп хабарлады Ресей қорғаныс минитсрлігіне сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігі. Ұшқыш катапультпен секіріп кетіп, құтқарушы тікұшақпен әкетілген,- деп хабарлады Азаттық.

Министрлік апат ұшақты крейсер палубасында тежеуге көмектесетін сым арқанның үзіліп кетуінен болды дейді.

Қарашаның ортасында Ресей қорғаныс министрлігі "Адмирал Кузнецов" қызмет ететін Миг-29 жойғыш тікұшағының апатқа ұшырағанын хабарлаған. Ведомство ұшақ крейсерге жақын теңізге құлағанын, ұшқыштың құтқарылғанын мәлімдеген.

Ресейдің әскери-теңіз флотындағы жалғыз "Адмирал Кузнецов" авиа тасығыш крейсері Жерорта теңізінде жүр. 15 қарашада крейсерден Сириядағы нысанларға әуеден шабуыл жасала бастаған.

Дереккөз: Аzattyq.org

5 желтоқсан 2016, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.