Алматы. 12 желтоқсан. ҚазТАГ – Маттео Ренци отставкаға кеткен соң, Италия сыртқы істер министрі Паоло Джентилоне елдің жаңа премьер-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады ВВС орыс қызметінен.
«62 жасар П. Джентилоне елдегі экономикалық ахуалды тұрақтандыру және одақтастар алдындағы Италияның беделін нығайту мақсатында шұғыл түрде министрлер кабинетін құру керектігін мәлім етті», - делінген хабарда.
Оппозициялық партиялар ұлттық біртұтастық үкіметіне кіру мүмкіндігін теріске шығаруда.
Бір апта бұрын өткен референдумда сайлаушылардың көпшілігі М.Ренци ұсынған конституциялық реформа бағдарламасын қолдамауы себепті М. Ранци отстаувкаға кетуге мәжбүр болды.
Реформаға қарсылық танытқан екі оппозициялық партия - «Северная лига», ЕО-дан шығу керек десе, популистік «Пять звезд» қозғалысы мезгілінен бұрын жалпы сайлау өткізу керектігін талап етуде.
Қалған оппозициялық қозғалыстар бұл ұстанымға қолдау білдірмей отыр.
Дереккөз: ҚазТАГ