Атырау, 27 қараша 15:50
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ресейде ақпараттық қауіпсіздік доктринасы қабылданды

1 835 просмотра

Ресей президенті Владимир Путин елдің ақпараттық қауіпсіздігі доктринасын бекітті. Доктринада кейбір шет мемлекеттер "әскери мақсатты көздеп, Ресейге ақпараттық ықпал етуді күшейтіп жатқаны" айтылады. Құжат 6 желтоқсанда ресми құқықтық ақпарат сайтында жарияланған. Жарлық қол қойған күннен күшіне енеді. Осыған дейін 2000 жылы қабылданған ақпараттық қауіпсіздік доктринасы күшін жойды деп танылды,- деп хабарлады Азаттық.

Доктринада қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі негізгі бағыттардың бірі "ақпараттық технологияларды пайдалану кезінде туындауы мүмкін әскери жанжалдардың алдын алу" екені айтылады. Мемлекеттің доктринаны қабылдаудағы стратегиялық мақсаты "ақпараттық кеңістікте жанжалсыз қарым-қатынас жасау жүйесін" қалыптастыру делінеді. Құжатта шетелдік БАҚ-та Ресейдің мемлекеттік саясатын бір жақты бағалайтын ақпарат көлемі артып бара жатқаны айтылады.

Дереккөз: Аzattyq.org

6 желтоқсан 2016, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.