Атырау, 13 қазан 23:20
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Лавров: Сирия армиясы Алепподағы операциясын тоқтатты

1 602 просмотра

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сирия әскері Алеппоның шығысында әскери операцияларын уақытша тоқтатқанын хабарлады. Қаланың бұл бөлігінде көтерілісшілер әлі де бірер ауданды бақылауда ұстап тұр,- деп хабарлады Азаттық.

8 желтоқсанда Германияның Гамбург қаласында ЕҚЫҰ елдері сыртқы істер министрлерінің жиынында сөйлеген Лавровтің айтуынша, енді ұрыс жүріп жатқан аудандарда қамалып қалған бейбіт тұрғындарды эвакуациялауға болады.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен сөйлескен соң Сергей Лавров Алепподағы жағдайды реттеу үшін 10 желтоқсанда Женевада Ресей және АҚШ әскери сарапшыларының кездесуін өткізу туралы келісім жасалғанын айтты. Сирия армиясы осы кезге дейін көтерілісшілердің қақтығысты тоқтату туралы үндеуін қабылдамай келген еді. Соңғы бірнеше аптада Сирия әскері 2012 жылдан бері көтерілісшілер қолында тұрған Алеппоның шығыс территориясының 75 пайызына бақылау орнатты.

Дереккөз: Аzattyq.org

9 желтоқсан 2016, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.