Атырау, 27 қараша 13:27
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

АҚШ: Республикашыл партия конгрестегі басымдығын сақтап қалды

1 633 просмотра

АҚШ-та президент сайлауымен қатар өтіп жатқан конгрес сайлауында Демократиялық партия сенатта босаған 34 орынның біреуін ғана иеленді. Демократтардың 100 орындық сенатқа бақылау үміті төмендеп барады. Сайлаушылардың көпшілігі республикашылдарға дауыс беріп жатыр,- деп хабарлады Азаттық.

Республикашыл сенатор Марк Криктің Иллинойс штатында жеңілгеніне қарамастан, Демократиялық партияға сенатта көпшілік орынды иелену үшін төрт орын жетпейді.

Демократиялық партияның басқа да кандидаттары Индиана, Висконсин, Солтүстік Каролина және Флорида штаттарында жеңіске жете алмады.

Associated Press пен басты телеарналардың хабарлауынша, Республикалық партия сонымен қатар өкілдер палатасындағы басымдығын да сақтап қалған.

Қазір республикашылдар конгрестің қос палатасында да басымдыққа ие.

Дереккөз: Аzattyq.org

9 қараша 2016, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.