Атырау, 27 қараша 13:35
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ресейде шенеуніктер балаларының шетелде оқуына тыйым салатын заң даярланды

1 861 просмотра

Ресей мемлекеттік думасына шенеуніктердің кәмелетке толмаған балаларын шетелде оқытуына тыйым салатын заң жобасы түсті. Құжатты Коммунистік партия депутаты Валерий Рашкин (суретте) даярлаған,- деп хабарлайды Азаттық.

Құжат қабылданса, онда 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік және муниципалдық органдардың қызметкерлері балаларын, оның ішінде асырап алған балаларын да шет мемлекеттің мектептері мен жоғары оқу орындарына оқыта алмайды. Жобада мұндай тыйым мемлекеттік компаниялардың топ-менеджерлеріне де салынуы тиіс екені айтылады.

Тыйым шетелдік оқу орындарының Ресейдегі филиалдары мен ресейлік білім беру ұйымдарының шетелдердегі филиалдарына қатысты емес. Сонымен қатар, шетелде қызмет бабымен бір жылдан көп уақыт жүретін шенеуніктерге де бұл тыйым салынбайды.

"Медуза" басылымының хабарлауынша, заң жобасына түсініктеме беру хатында шетелде оқу "елде шынайы ұлттық басқару элитасының қалыптасуына кедергі келтіріп, кадрларды бұзатыны", "Ресейде әлеуметтік теңсіздікті күшейтіп, басқарушы таптың халықтан ажырауына әкеліп соқтыратыны" айтылған.

Дереккөз: Аzattyq.org

14 қараша 2016, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.