Атырау, 27 қараша 13:31
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Трамп президент әкімшілігінің болашақ жетекшісін атады

1 688 просмотра

Фото: ReutersАҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп президент әкімшілігін Республикашыл партияның ұлттық комитетінің төрағасы Райнс Прибус басқаратынын мәлімдеді. Республикашыл партия басшылығына жаққан Прибус сайлауалды кампаниясы кезінде Трамптың серігі болған,- деп хабарлады Азаттық.

Райнс Прибустың конгрестің өкілдер палатасының спикері, республикашыл Пол Райанмен қарым-қатынасы жақсы. Прибустың әкімшілік басшысы болуы Трамптың Пол Райанмен және республикашылдар басым конгреспен ынтымақтастыққа дайын екенін білдіреді.

Трамп президент қызметіне кіріскен соң негізгі кеңесшісі етіп Стивен Бэннонды қоймақ. Ол Трамптың сайлауалды штабын, бұрын Breitbart News консервативтік сайтын басқарған.

Дональд Трамп 20 қаңтарда президент қызметіне кіріседі.

Дереккөз: Аzattyq.org

14 қараша 2016, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.