Атырау, 27 қараша 12:56
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

БҰҰ: Кундуздағы әуе шабуылын тексеріп жатырмыз

2 063 просмотра

БҰҰ Ауғанстанның солтүстігінде америкалық әскери ұшақтардың шабуылынан ондаған бейбіт тұрғынның қаза болуы оқиғасын тексеріп жатқанын хабарлады. БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу миссиясының (UNAMA) мәліметінше, Кундуздың Буз-е-Кандахари ауданында әуе шабуылынан 32 бейбіт тұрғын қаза тауып, 19-ы жараланған. Зардап шеккендердің көпшілігі әйелдер мен балалар,- деп хабарлады Азаттық.

UNAMA мәліметіне қарағанда, өткен аптада 95 бейбіт тұрғын мерт болып, 11 адам жараланған. "Бейбіт тұрғындар арасында құрбандардың көбеюі - жол беруге болмайтын жайт және ол Ауғанстанда бейбітшілікті қалпына келтіру үшін жасалып жатқан шараларға нұқсан келтіреді" делінген БҰҰ бас хатшысының Ауғанстандағы арнайы өкілі Тадамити Ямамотоның 6 қарашада таратқан мәлімдемесінде.

5 қарашада америкалық әскерилер әуе шабуылдарынан бейбіт тұрғындардың қаза тапқан болуы мүмкін екенін мәлімдеп, оған тергеу жүргізуге уәде берген. Ауғанстандағы АҚШ күштерінің қолбасшысы, генерал Джон Николсон бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айтты.

Дереккөз: Аzattyq.org

7 қараша 2016, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.