Атырау, 27 қараша 13:31
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Күрд жасақтары Мосул түбіндегі қалаға кірді

1 711 просмотра

Иракта күрдтердің әскериленген Пешмерга жасақтары "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының бақылауында тұрған Мосулдың солтүстік-шығысындағы Башика қаласына кірді,- деп хабарлады Азаттық.

Екі мыңға тарта күрд сарбаздары Мосулдан 13 километр қашықтықтағы қалаға 7 қараша күні күн бата кірді. ИМ Мосулды бақылауға алған 2014 жылдан бері содырлар мен күрдтер арасындағы майдан шебі осы қала арқылы өткен.

Мосулды азат ету операциясына қатысып жатқан күрд жасақтары Башиканы басып алуды стратегиялық мақсат етіп қойған. Генерал-лейтенант Сафин Расул Reuters агенттігіне қалада жүз шақты содыр қалғанын хабарлады. Ирак үкіметінің әскері ИМ содырларымен ұрысты Мосулдың шығыс жағында жалғастырып жатыр және қалаға солтүстік пен оңтүстік жағынан жылжып барады. Иран қолдайтын шиит жасақтары қаланың батыс жағынан шабуылдап келеді.

Дереккөз: Аzattyq.org

8 қараша 2016, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.