Атырау, 27 қараша 12:27
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Сириялық оппозиция Раккаға шабуыл басталғанын жариялады

1 675 просмотра

"Демократиялық Сирия күштері бүлікшіл отряды сириялық Ракка қаласына шабуыл басталғанын хабарлады. Ракка - "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы қолбасшылығының орталығына айналды,- Baq.kz.

Сentralasian.org-тың дерегінше, «Демократиялық Сирия күштері» - күрд, араб және басқа да әскери құрылымдардың бірлестігі. «Евфрат ашуы» деп аталатын операцияға шамамен 30 мың жауынгер қатысады. Түрік әскері Раккадағы айқасқа қатыспайды, бірақ операция америкалық авиация қолдауымен жүргізіледі.

Ракка Сирияның шығысында орналасқан, қаланы 2014 жылдың қаңтарынан бері «Ислам мемлекеті» бақылайды. Экстремистік топтар оны өзінің «астанасы» деп есептейді.

Қазанның ортасында сириялық оппозиция түрік әскерінің қолдауымен Дабик қаласын экстремистік топтардан азат етті. Қазіргі таңда Иракта Мосул қаласын үкімет билігіне қайтару операциясы жүріп жатыр.

Дереккөз: Baq.kz

7 қараша 2016, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.