Атырау, 31 наурыз 12:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93

Клинтон: АҚШ мүддесі үшін Трамппен жұмыс істесуге дайынмын

2 378 рет қаралды

Фото: ReutersАҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан кандидат болған Хиллари Клинтон сайлауда жеңіліп қалғанына өкініш білдіріп, елдің жаңа басшысы, республикашыл Дональд Трамппен елдің мүддесі үшін ынтымақтаса жұмыс істеуге дайын екенін білдірді,- деп хабарлады Азаттық.

Клинтон "ең жақсы, әлдеқайда күшті және әділетті Американы" құруға септігін тигізуді өзінің азаматтық парызы деп атады.

Нью-Йоркте сөйлеген Клинтон елдегі бөлініс өзі ойлағаннан әлдеқайда терең болғанын айтып, жақтастарына сайлауалды кампаниясында қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. "Мен Америкаға сенемін және алда да сене беремін" деді Клинтон.

АҚШ-та 8 қарашада өткен президент сайлауының қорытындысы бойынша, Республикашыл партия кандидаты Дональд Трамп сайлаушылар алқасында 270-тен көп даусын жинап, АҚШ-тың 45-президенті болып сайланды.

Дереккөз: Аzattyq.org

10 қараша 2016, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.