Атырау, 27 қараша 13:39
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

АҚШ сайлауы: Трамп тағы бірнеше штатта жеңді

1 979 просмотра

АҚШ-тағы сайлауда тағы бірнеше штатта дауыс берудің қорытындысы шыға бастады. Соңғы мәліметтер бойынша, республикашыл Дональд Трамп сайлаушылар саны көп Техас штатында және бұған дейін қарсыласы Хиллари Клинтон бірінші ханым болған Арканзас штатында жеңді. Монтана және Вайоминг штаттарында да Трамп жеңді. Ал Клинтон Нью-Йорк және Иллинойс штаттарында және солтүстік-шығыс штаттардың біразында жеңгенімен, сайлаушылар алқасында әзірге жеткілікті дауыс жинай алмай тұр,- деп хабарлады Азаттық.

Болжам бойынша, Трамп әзірге сайлаушылар алқасында 129 дауысқа, Клинтон 97 дауысқа ие болып тұр. Жеңіске жетіп, президент болып сайлану үшін кандидат 270 дауыс жинауы керек. Кандидаттардың сайлауалды штабы Пенсильвания, Солтүстік Каролина және Вирджиния штаттарындағы дауыс беру қорытындысын күтіп отыр. Сарапшылар Флорида штатындағы дауыс беру қорытындысын мұқият бақылап отыр. Кейбір ақпаратқа қарағанда, мұнда Клинтонды қолдайды деп күтілген испан тілінде сөйлейтін азаматтар дауыс берген.

АҚШ-тағы бұл жалпыхалықтық сайлауда елдің президенті мен вице-президенті, 100 сенатордың 34-і, 12 штат пен екі аумақтың (Пуэрто-Рико мен Америкалық Самоа) губернаторлары, 15 ірі қаланың мэрлері сайланады.

Дереккөз: Аzattyq.org

9 қараша 2016, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.