Атырау, 13 қазан 15:21
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Трамп өзіне қарсы шерулерге қатысты пікірін айтты

1 996 просмотра

Құрама Штаттардың сайланған президенті Дональд Трамп өзіне қарсы шерулерге қатысты пікірін айтты,- деп хабарлады 24.kz.

Трамп твиттердегі парақшасына былай деп жазды: «Сайлау барынша ашық түрде және сәтті өтті. Енді БАҚ қолтығына су бүріккен әккі шерушілер маған қарсы көтеріліп жатыр. Не деген әділетсіздік!»

Айта кету керек, кешеден бері Трампқа қарсы көтеріліске шыққан АҚШ қалаларының саны артпаса, кеміген жоқ. Әлеуметтік желідегі американдық БАҚ-тан келіп түскен ең соңғы ақпаратқа сәйкес, Оукланд, Вашингтон, Лос-Анджелес, Миннеаполис, Балтимор, Филадельфия, Ванкувер, Даллас, Нью-Йорк, Портленд және Солт Лейк Сити шаһарларында наразы жұрт жиналып, жолдарды жауып тастап, қозғалысқа кедергі болып жатыр. Жалпы шерулер кезіндегі тәртіпсіздікке қатысқан 40-қа жуық адамды полиция тұтқындады.

Дереккөз: 24.kz


11 қараша 2016, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.