Атырау, 27 қараша 13:53
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Түрік ағыны» жобасына жол ашылды

2 593 просмотра

Фото: News FrontРесей мен Түркияның бұрынғы бейбіт байланысы қалпына келе бастағалы бері, екі ел арасындағы алыс-беріс пен сауда-саттыққа жол ашылып, тұралап қалған халықаралық жобалар қайта қолға алынуда,- деп хабарлады Нalyknews.kz

Соның бірі қос мемлекет үшін де маңызы зор «Түрік ағыны»жобасы. Жақында ғана дәл осы жобағаның құжатына қол қойылып, түрік басшысы Режеп Тайып Ердоған мен ресейлік әріптесі В. Путин екеуі құрылысын бастаймыз деген келісімге келді. Сонымен қатар, бұл істі ең қысқа уақыт ішінде бітіруіміз керек деп уағдаласты. Ресей үкіметі табиға газ өнімін еуропаға жеткізу үшін Түркия арқылы газ құбырын жүргізбек ниеті бар.

Негізі, бұл ұсынысты Ресей президенті В. Путин 2014 жылдың желтоқсан айында, Анкараға жасаған ресми сапары кезінеде, Ақсарайда айтқан болатын. Көгілдір отынды көршілерінен алып отырған Түркия бұндай ұсынысты қуана қабыл алғаны анық. Сол сәтте-ақ, қос тарап аталған жобаны жүзеге асыру үшін жұмыс тобын құрып, құрылысымен айналысатын министрліктерге міндеттерін жүктеген-ді. Алайда, 2015 жылдың қарашасындағы СУ-24 бомбалаушы ұшағының оқиғасы ресми Анкара мен Кремльдің бірлескен жобасын жүзеге асыруға кедергі келтіріп, құрылыс жұмыстарын кейінге ысырып қойған еді. Енді арадағы өкпе-назын ұмытып, алдағы шаруаларын жоспарлаған Ресей мен Түркия үкіметі, жалпы құны 19 млрд долларды құрайтын «Түрік ағыны» жобасының құрылысын нақты бастайтын болды. Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, Ресейден бастау алатын газ құбыры Анадолы елі арқылы Грекияға, онан әрі Еуропаға жол тартпақ. Құбырдың 910 шақырымы қара теңіздің бойымен, ал 260 шақырымы Түркияға тиесілі жердің бетімен тартылады деп белгіленген. Қара теңіздің астындағы құбырдың құрылысымен ресейлік компаниялар айналысады. Ал жердің бетімен жүретін құбырдың жауапкершілігі түрік фирмаларына тиесілі.

Қос тарап әу баста құбыр жолын төрт арна бойынша салатын болып келіскен. Бірақ, әзірге екі арнаны ғана жүргізетіндерін айтып отыр. Қос арнаның бірі Еуропаға тасымалданады. Екіншісімен Түркияның 14 млрд текше метрлік сұранысын қамтамасыз ету көзделуде. Ресей үкіметі таратқан ресми статистикада «Түрік ағыны» газ құбырының жылдық тасымалдау қуаты 63 млрд текше метр болады деп көрсетілген. Жобаның құрылыс жұмыстары 2019 жылдың желтоқсан айына дейін бітуі тиіс. «Газпром» басшысы Алексей Миллер мемлекетаралық бұл жоба іске қосылған сәттен бастап, Ресейден Түркияға тасымалданып отырған көгілдір отынның бағасына жеңілдік жасалатынын атап өтті.

Дереккөз: Нalyknews.kz

14 қараша 2016, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.