Атырау, 27 қараша 13:41
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Германияның қорғаныс министрі Трампты Ресейге қатысты қатаң шаралар қолдануға шақырды

1 864 просмотра

Фото: FacenewsГерманияның қорғаныс министрі Урсула фон дер Ляйен (суретте) АҚШ-та президент сайлауында жеңске жеткен Дональд Трампты НАТО-ның Ресейге қатысты қатаңдық қағидаттарынан таймауға шықырды. Бұл сөздерді ол 10 қараша күні, ZDF арнасының эфирінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

"Дональд Трамп кімді жақтайтынын ашық айту керек. Әділдік, бейбітшілік жолымен реттеу және демократия жағында бола ма немесе оған бәрібір болғандықтан, ерлер арасындағы достығын көрсетеді ме?", - деді министр.

Сонымен қатар ол Трамптың НАТО-ны бизнес ретінде қарауына болмайтынын, оның "компания еместігін" айта кетті.

3 сәуірде сайлау алды науқаны кезінде Трамп НАТО-ның ыдырауына жол берген. Ол "одақтастардың өзінің еншісін төлемей жатқанын" мәлімдеп, 28 елден тұратын альянс ескірді және олар ақыларын төлемесе, ұйымнан шығуы керектігін айтқан. "Егер НАТО ыдыраса, солай-ақ болсын", - деп қорытындылаған болатын Трамп.

Сонымен қатар республикашыл партия өкілі Ресей және оның президенті Владимир Путинмен татулыққа қарсы еместігін бірнеше рет айтқан.

Осы айтылғандарға байланысты Еуропа мен Америкадағы саясаткерлердің бірқатары Трамты қатты сынған алған.

Дереккөз: Tengrinews.kz

11 қараша 2016, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.