Атырау, 27 қараша 13:44
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

АҚШ "Нусра майданы" жетекшілеріне санкция салды

3 147 просмотра

АҚШ қаржы министрлігі 10 қарашада "Әл-Қаиданың" Сириядағы қанаты - Нусра майданы" тобының төрт жетекшісіне санкция салды. Бұл топ АҚШ пен Ресей арасында диспутқа айналған. Ресейдің ұйғарымынша, Вашингтон бұл топ содырларына олар АҚШ қолдайтын көтерілісшілермен бір бағытта Сирия билігіне қарсы соғысып жатқандықтан "тиіспейді",- деп хабарлады Азаттық.

Бірақ АҚШ қаржы министрлігінің шешімі АҚШ-тың "Нусра майданын" бұрынғыдай террористік ұйым деп санайтынын көрсетеді. Санкциялар америкалықтарға топ жетекшілерімен келісім жасауына тыйым салу арқылы топтың әскери белсенділігінің, қатарына содырларды тарту және қаржыландыру арналарын азайтуды көздейді.

АҚШ мемлекеттік департаменті "Джабхат Фатах әл-Шамды" (топтың жаңа атауы) бүркеншік атаумен әрекет ететін террористік ұйымдар тізіміне қосты. АҚШ санкция салған "Нусра майданының" төрт мүшесі - Абдаллах Мухаммад бин-Сулайман әл-Мухайсиннің топқа содыр тартуға қатысы бар делінеді. Жамал Хусейн Зайния - Сирия мен Ливандағы операцияларға жауапты, Абдул Джашари - әскери кеңесші, Ашраф Ахмад Фари әл-Аллак - топ командирі деп сипатталған.

Дереккөз: Аzattyq.org

11 қараша 2016, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.