Атырау, 27 қараша 13:30
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Әлемдік биржаларда индекстер төмендей бастады

1 763 просмотра

АҚШ президенті сайлауында республикашыл кандидат Дональд Трамптың демократ Хиллари Клинтоннан басымдығы айқындала бастағанда әлемдік қор нарықтарында индекстер мен доллар бағамы төмендей түсті,- деп хабарлады Азаттық.

Токио биржасында бүгін күннің алғашқы жартысында индекстер 5 пайызға дейін, Гонконг биржасында индекстер 3,3 пайызға, Сеул биржасында 2,8 пайызға төмендеді.

Уолл Стритте фьючерс индекстері 3 пайызға дейін төмендеді. АҚШ долларының йен мен еуроға қатысты бағамы да түсті. Мұнай бағасы 4 пайызға арзандап, баррелі 43,17 долларды құрады.

Дональд Трамп сайлауалды кампаниясында егер президент болып сайланса АҚШ пен Мексика арасына "әдемі қамал" тұрғызуға уәде еткен еді. Осыған байланысты Мексика валютасы - песоның долларға шаққандағы бағасы да бұған дейін болмаған деңгейге дейін арзандады.

Инвесторлар Клинтон АҚШ президенті Барак Обаманың саясатын жалғастырады деп санайтындықтан қор нарықтарының көпшілігі Клинтонның жеңгенін қалайды.

Дереккөз: Аzattyq.org

9 қараша 2016, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.