Атырау, 25 желтоқсан 00:57
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Оқиға

Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Жыл басынан бері Атырау қаласында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 16 жол-көлік оқиғасы орын алды. Оның 9-нда адамдар белгіленбеген жерлерден жолды кесіп өткен. Жаяу жүргіншілердің жол жүру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы 1 052 хаттама толтырылды. 5 мамыр 2016, 00:00 1 828 рет қаралды
Браконьер мойындаудан бас тартты Оқиға

Браконьер мойындаудан бас тартты

20 сәуірде сағат 22.00-де облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының теңіз инспекциясы бөлімінің қызметкерлері Атырау табиғат қорғау прокуратурасы қызметкерлерімен бірлесе отырып Дамбы ауылында Жайық жағалауынан 26 жастағы Водников поселкесінің тұрғынын ұстап алды. Ол жүргізіп келген екі бірдей «Ямаха-200» ілмелі маторы бар пластикалық қайықтан жалпы салмағы 142 келі болатын бір ғана қортпаның 4 кеспесі табылды. 21 сәуір 2016, 17:47 2 702 рет қаралды
Экс-полицейдің ісі: айыптаушының сөзі мен бейнематериалдар Оқиға

Экс-полицейдің ісі: айыптаушының сөзі мен бейнематериалдар

19 сәуірде Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында Дмитрий КИМДІ өлтірді деп айыпталған экс-полицей Манарбек ӨТЕУОВТІҢ қылмыстық ісін қарау жалғасты. 20 сәуір 2016, 14:40 4 592 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Полицияға 37 жастағы қала тұрғыны 5-7 сәуір аралығында белгісіз біреулер Канцев көшесінің бойында орналасқан көлікжайының қақпасын сындырып, бос екі канистра мен бейнепроекторды ұрлап кеткендігіне шағымданды. Ұрлық жасады деген күдікпен Атырау қаласының 25 және 27 жастағы тұрғындары ұсталды. Тергеу жүргізілуде. 14 сәуір 2016, 00:00 1 591 рет қаралды
Қылмыстық оқиғалар Оқиға

Қылмыстық оқиғалар

Авангардта 30 наурызда су полициясының қызметкерлері тексеру үшін «Лада» ВАЗ 21099 көлігін тоқтатады. Салоннан жалпы салмағы 185 келі болатын үш қапшық сазан табылды. Жүк Авангардтың 58 жастағы тұрғынына тиесілі екен. Тергеу жүргізілуде. 7 сәуір 2016, 00:00 4 265 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Жол-патруль қызметінің қызметкерлері С.Датов көшесінен «Шевроле-Круз» көлігін тоқтатты. 35 жастағы жүргізуші мас екен. Өткен жылдың маусымында оның осындай ереже бұзғаны үшін үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Енді оған 15 тәулік әкімшілік қамауға алу және 10 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы берілуі мүмкін. 31 наурыз 2016, 00:00 2 947 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Қаланың 23 жастағы тұрғыны Құлманов көшесі бойындағы спорт кешенінің киім ауыстыратын бөлмесінде бірнеше ұрлық жасады деп күдіктеліп отыр. Қала тұрғыны СМП-136 ықшамауданындағы дүкенді бұзып, ұрлық жасады деген күдікпен ұсталды. 24 наурыз 2016, 00:00 3 474 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Жергілікті полиция қызметкерлері Құлманов көшесінде «Шевроле» көлігін тоқтатты. Оның жүргізушісі мас болып шықты. Наурыздың 6-да кешкісін Азаттық даңғылы бойындағы үй пәтерлерінің бірінде келіп жүрген жігіті 37 жастағы әйелдің басынан бөтелкемен ұрған. 10 наурыз 2016, 00:00 2 656 рет қаралды
​Ұрланған күшіктер қожайынына қайтарылды Оқиға

​Ұрланған күшіктер қожайынына қайтарылды

4 наурызда кешкісін Атырау тұрғыны тал түс пен сағат 17-лер арасында белгісіз біреулердің Песчаной көшесі бойындағы оның үйінің ауласына кіріп, сатуға әзірленіп, анасынан бөлек торда тұрған алабайдың екі айлық төрт күшігін ұрлап кеткендігін полицияға хабарлады. 10 наурыз 2016, 22:23 16 369 рет қаралды
​Оқиғалар тізбегі Оқиға

​Оқиғалар тізбегі

«Контрафакт» операциясының барысында «Дина» базарынан 27 жастағы Привокзальный тұрғыны ұсталды.Приморье селосына жақын Ганюшкин-Байда тас жолында Құрманғазы АІІБ полицейлері екі тонна қара балық тиеген бортты «Газель» көлігін тоқтатты. 3 наурыз 2016, 00:00 2 895 рет қаралды
Балық, «соққыға жығу» және бейнежазба Оқиға

Балық, «соққыға жығу» және бейнежазба

24 ақпанда сағат 22-де Атырау – Индер көлік жолында Атырау облыстық ІІД жергілікті полициясының қызметкерлері «Лада-Ларгус» көлігін тоқтатады. Оны Қостанай облысының 36 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан. 26 ақпан 2016, 09:47 3 353 рет қаралды
​Қылмыстар хроникасы Оқиға

​Қылмыстар хроникасы

Ақпанның 3-інде Әуезов көшесінің бойындағы көлікжайдан төрт жазғы көлік доңғалағының тысын ұрлады деген күдікпен СМП-163 ықшамауданында тұратын 25 жастағы ер адам ұсталды.Полицияға 20 жастағы қала тұрғыны шағымданды. 17 ақпанда Сарыарқа ықшамауданында белгісіз біреу өзіне тиесілі «Тойота» көлігін теуіп, есігін бүлдірген. 25 ақпан 2016, 00:00 3 175 рет қаралды
​Қылмыстар хроникасы Оқиға

​Қылмыстар хроникасы

Балықшы тұрғыны полицияға 27 қаңтарда үйінің ауласындағы көлікжайдан дәнекерлеу аппараты, болгарка, кондиционер және ұялы телефон ұрланғанын хабарлады.Су полициясының қызметкерлері «Жеті Қазына» ықшамауданынан жүксалғышына 173 келі жаңа ауланған сазан салынған «Лада» көлігін ұстады. 4 ақпан 2016, 00:00 3 017 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

«Исатай-Аққыстау» аралығында «Саратов-Үргеніш-Ташкент» жолаушылар пойызының вагонында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері тиісті құжаттарсыз 110 келі қара балықты тасымалдаған 30 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. 28 қаңтар 2016, 00:00 2 668 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Атырау-Астрахан тас жолындағы мал базары маңында полицейлер «Лада-Приораны» тоқтатып, жүк салғышынан жалпы салмағы 12 келі болатын кішкентай тоғыз бекірені тапты. Жүргізуші, 47 жастағы Хамит Ерғалиев ауылының тұрғыны ұсталды. Тергеу жүргізілуде. 17 желтоқсан 2015, 00:00 2 905 рет қаралды