Атырау, 17 мамыр 10:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

​Қылмыстар хроникасы

3 005 просмотра

Image 0Ақпанның 3-інде Әуезов көшесінің бойындағы көлікжайдан төрт жазғы көлік доңғалағының тысын ұрлады деген күдікпен СМП-163 ықшамауданында тұратын 25 жастағы ер адам ұсталды.

***

Атыраудың 44 жастағы тұрғыны полицияға шағымданды: 33 жастағы әйел адам пәтерінің терезесіне жалюздер жасап беруге уәде беріп, өзінен 420 мың теңгені алып, ақшамен бірге ғайып болған. Алаяқтық жасады деген күдіктіге іздеу жарияланды.

***

Теңіз вахталық поселкесінде секьюрити Шаңырақ тұрғын кешенінің екі қызметкерін ұстады. Олардың бірінен - Доссор тұрғынының сөмкесінен 5 келі апельсин, 4 келі алма мен 60 қаптама йогурт табылған. Оның құрбысынан – Құлсары тұрғынынан 18 қаптама йогурт табылған. Тергеу жүргізілуде.

***

Полицияға 20 жастағы қала тұрғыны шағымданды. 17 ақпанда Сарыарқа ықшамауданында белгісіз біреу өзіне тиесілі «Тойота» көлігін теуіп, есігін бүлдірген. Зиян мөлшері 100 мың теңгені құрады. Күдікті - 30 жастағы Атырау тұрғыны ұсталды. Тергеу жүргізілуде.

***

Полицияға 28 жастағы Авангард тұрғыны шағымданды: 16 ақпанда өзімен бірге тұратын 21 жастағы қыз оның екі алтын алқасы мен мың долларын ұрлап алған. Ұрыға іздеу жарияланды.

***

Баймұханов көшесінің бойын-дағы «Донер» дүңгіршегін бұзып, азық-түліктерді ұрлады деген күдікпен 37 жастағы Авангард тұрғыны ұсталды. Қылмыс бейнебақылау камерасының көмегімен ашылды.

***

Исатай АІІБ қызметкерлері Ақтөбе қаласының тұрғыны жүргізіп келе жатқан ГАЗ көлігін тоқтатқан. Көлік шанағынан 2,5 тонна қара балық табылған. Тергеу жүргізілуде.

***

Қаланың 27 жастағы тұрғыны 24 жастағы Құрсай поселкесінің тұрғынын тонады деген күдікпен ұсталды. Тонау оқиғасы 13 қаңтарда болған. 320 мың теңге қылмыскердің олжасына айналған.

***

Жылыой АІІБ қызметкерлері Құлсары қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Ол өткен жылдың 16 желтоқсанында асүйдегі терезе арқылы 35 жастағы әйелдің пәтеріне түсіп, күш қолданып, оның жеке заттарын, соның ішінде «Айфон 6» және «Самсунг» ұялы телефондарын тартып алған. Күдікті уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.

***

Жылыой АІІБ-не Құлсары қаласының 23 жастағы тұрғыны шағымданды: өткен жылдың желтоқсанында және биылғы жылдың ақпанында оның Теңізде бірге жұмыс істейтін әріптесі сеніміне кіріп алып, сигареттер сатып әперуін өтінген. Қарызы 20 блок болған кезде «демеушінің» шыдамы да таусылады. Тергеу жүргізілуде.

***

Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері қала маңындағы Бірлік-2 поселкесінен 33 жастағы ер адамды ұстады. Оның пластик пакетінде жалпы салмағы 1,5 келі болатын қара уылдырық салынған екі банка болған. Ұсталушы уылдырықты өзіне бейтаныс адамдардан сатып алғанын және оны кері сатпақшы болғанын хабарлады. Басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Уылдырық тәркіленді.

25 ақпан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.