Атырау, 3 мамыр 05:57
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Оқиғалар тізбегі

2 503 просмотра

Image 0Жергілікті полиция қызметкерлері Құлманов көшесінде «Шевроле» көлігін тоқтатты. Оның жүргізушісі мас болып шықты. Ұсталушының өткен жылдың наурызында осындай ереже бұзушылық үшін 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталды.

***

Ганюшкин селосында 2 наурызда белгісіз біреу жеке үйдің ауласындағы шоланға кіріп, сол жерде сақталған ыдысты ұрлап кеткен. Зиян 46 мың теңгені құрады. Ұрлық жасады деген күдікпен 52 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

***

Наурыздың 3-іне қараған түні Атырау-Астрахан тас жолында Сарыөзек маңында су полициясының қызметкерлері оныншы модельді «Лада» көлігін тоқтатты. Жүксалғыштан Сарыөзектен қалаға қарай бара жатқан 30 және 42 жастағы екі жолаушыға тиесілі жалпы салмағы үш центнер болатын мөңке балығы салынған қапшық табылды. Тергеу жүргізілуде.

***

Атырау-Орал тас жолының 178-ші шақырымында Индер АІІБ қызметкерлері бір жарым тонна табан балығын тиеген бортты «Газель» көлігін ұстады. 47 жастағы жүргізуші – Орал тұрғыны жүктің құжаттарын ұсына алмаған. Тергеу жүргізілуде.

***

Наурыздың 6-да кешкісін Азаттық даңғылы бойындағы үй пәтерлерінің бірінде келіп жүрген жігіті 37 жастағы әйелдің басынан бөтелкемен ұрған. Полиция қаскөйді –Қызылқоға ауданының 35 жастағы тұрғынын ұстады.

10 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.