Атырау, 27 сәуір 08:11
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Оқиғалар тізбегі

2 912 просмотра

Наурыздың 10-ы күні «Көктем» базарының маңында су полициясының қызметкерлері «Опель-Астра» көлігінің жүксалғышынан бір центнерден астам сазанның барын анықтады. Жүк 65 жастағы қала тұрғынына тиесілі екен, ол осыншама балықты қайдан алғанын түсіндіре алмады. Тергеу жүргізілуде.

Наурыздың 9-да кешкісін Махамбет поселкесінде учаскелік инспектор ішімдік ішкен 50 жас шамасындағы екі әйелді ұстап, оларды тірек қосынына жеткізді. Әйелдерді куәландыруға ауруханаға апару үшін полицей көлігіне отыру ұсынылған кезде олар балағаттап, инспектордың формалық киімін бүлдірген. Билік өкіліне бағынбау туралы хаттама жасалды.

Исатай ауданының Тұщықұдық ауылында 29 жастағы тұрғын 35 жастағы әйелдің үйінің ауласына іліп қойған төсек-орын жаймасын ұрлағаны үшін ұсталды.

Индербор поселкесінде 7 наурызда 24 жастағы ер адам азық-түлік дүкеніне кіріп, сатушының уақытша жоқ болғанын пайдаланып, сөреге шығарылып қойылған торттар мен тәтті нандарды ұрлап кеткен. Күдікті ұсталып, жасаған ісін мойындады.

Өнер дәрістері оқытылатын қаладағы студиялардың бірінде келушінің күртесінің қалтасынан 215 мың теңгесін ұрлап кеткен. Ұрлық жасады деген күдікпен 27 жастағы ер адам ұсталды.

Құлсарыда Привокзальный ауданында заңсыз ойын бизнесінің нүктесі анықталды. Ойынхана қызметкері ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Ал 34 жастағы ойынхана қожайынына іздеу жарияланды. Жарты миллион теңге тәркіленді.

«Көктем» базарындағы киім сататын бутикте 227 мың теңге қолды болды. Күдікті 24 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Тергеу жүргізілді.

Құлсары қаласында «Гелиос» жанар-жағармай бекетінде 20-25 жастағы жергілікті төрт тұрғын күш қолданып, өзбекстандық жеңіл көліктің жүргізушісінен ұялы телефоны мен навигаторын тартып алған. Шақырту бойынша келген жол-патрульдік қызметінің қызметкерлері қылмыскерлерді бірден ұстай алмады. Олар қарсылық көрсетті. Нәтижесінде екеуі уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Қалғандары басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

17 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.