Атырау, 18 мамыр 21:05
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жанжал және сауна ауласындағы кісі өлімі

2 801 просмотра

Image 0Атырау қалалық №2 соты азамат С.Б.-ны қамауға алуға санкция берді. Ол мас күйде кісі басып өлтірді.

Бәрі С.Б. туыстарымен бірге саунаға келген кезден басталған. Сол жерде ол едәуір ішіп, сауна қызметін төлеуден бас тартып, сауна қызметкерлерін балағаттайды. Содан кейін көлігіне отырып, көлігін артқа қарай жүргізген кезде көлік туысын жанап кетеді. Әбден құтырынған ол көлігімен аулада тұрған мекеме қызметкерлері мен саунаға келушілерге қарай жүреді. Нәтижесінде жанжалқор олардың бірін қағып, көлігімен үстінен басып өтіп, содан кейін оқиға орнынан ғайып болады.

Зардап шегуші алынған ауыр дене жарақатынан көз жұмды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, С.Б.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-тармағы ("Жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

29 ақпан 2016, 23:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.