Атырау, 24 желтоқсан 21:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Жалғызбасты қарияны тонаған

2 123 рет қаралды

Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылында зейнеткерді тонады деп күдіктелген жігіт уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

Оқиға қаңтардың 1-інен 2-не қараған түні орын алған. Бетперде киген белгісіз ер адам жалғызбасты зейнеткердің үйінің есігін бұзып кіріп, оның 100 000 теңге ақшасын күштеп алып кеткен. Полицияның жедел іс-қимылының нәтижесінде күдікті көп ұзамай ұсталды. Ол сол ауылда тұратын 30 жастағы жігіт болып шықты. Оның тұрғылықты мекенжайынан айғақты заттар табылған.

- Бұл факт бойынша ҚР ҚК 191-бабы 2-тармағының 1-ші және 4-ші тармақшалары («Тұрғын үйге заңсыз кіріп, жәбірленушіге күш қолданумен жасалған тонау») бойынша қылмыстық іс көтеріліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүруде, - деп хабарлады Құрманғазы ауданы прокурорының орынбасары Магилан РАХИМОВ. - Бұл бапта көрсетілгендей, аталған қылмыс үшін мүлкін тәркілеумен бірге үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

8 қаңтар 2016, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.