Атырау, 9 ақпан 18:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

Оқиғалар тізбегі

2 659 рет қаралды

Исатай аудандық полициясы жайылым учаскесіндегі мал қорадан екі түйенің ұрлану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Күдікті 75 жаста, мал иесі 40 жаста.

***

Мақатта 60 жастағы ауылдасының бес тауығын ұрлады деп күдіктелген 22 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тергеу жүргізілуде.

***

Қарашаның 25-де таңертең Геолог поселкесіндегі жанар-жағармай бекетінде 22 жастағы тонаушы құрдасының айфонын тартып алған. Тонаушы ұсталып, заттай айғақ алынды.

***

Сол күні «Дина» базарында 29 жастағы ер адам саудагердің қымбат бөрігін тартып алған. Тонаушы ұсталып, заттай айғақ алынды.

***

Қарашаның 26-да «Насиха» маңында ұры кілтті іріктеп салу әдісімен тұраққа қойылған «Тойота Камри» көлігінің есігін ашып, сөмкедегі 20 мың теңге мен құжаттарды ұрлап кеткен. 24 жастағы күдікті ізі суымай ұсталды. Тергеу жүргізілуде.

***

Қарашаның 29-ына қараған түні полицияға Балықшыдағы «Қазақтелеком» АҚ бөлімшесінің аумағынан белгісіз екеудің мыс желіні ұрлауға әрекеттеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Бейнебақылау камерасының көмегімен «Батыс-1» патрульдік тобы 25 және 26 жастағы қала тұрғындарын ұстады. Заттай айғақтар – сымдар орамы алынды. Тергеу жүргізілуде.

3 желтоқсан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.