Атырау, 5 желтоқсан 12:33
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Күйеу бала үшін төбелесті

2 846 рет қаралды

Image 0Жылыой аудандық соты Құлсары қаласындағы сұлулық салондарының бірінде орын алған әйелдер төбелесі туралы істі қарады.

Оқиға желісі мынадай. Құлсары қаласының тұрғыны, оның пікірінше, қызының шаңырағын шайқалтқан әйел жұмыс істейтін салонға келеді. Ұрыс-керіс басталып, содан соң келген әйел салон қызметкерін оның мойынорағышымен қылғындыра бастап, ұрып жіберген.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталушы ҚР ҚК-нің 108-бабы (« Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру») бойынша кінәлі деп танылып, оған 32 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

18 қаңтар 2016, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.