Атырау, 26 сәуір 00:08
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қылмыстық оқиғалар

4 039 просмотра

Авангардта 30 наурызда су полициясының қызметкерлері тексеру үшін «Лада» ВАЗ 21099 көлігін тоқтатады. Салоннан жалпы салмағы 185 келі болатын үш қапшық сазан табылды. Жүк Авангардтың 58 жастағы тұрғынына тиесілі екен. Тергеу жүргізілуде.

*****

Полицияға Балауса поселкесінің 28 жастағы тұрғыны шағымданды: өткен жылдың 10 желтоқсанында ол коммунал-дық баспана алуға көмектесемін деп уәде берген әлдебір ер адамға 2,5 мың доллар берген. Содан кейін ол адам ғайып болған. Бір қызығы, күдікті бір кездері ҚР ҚК-нің 177-бабы бойынша жазасын өтеп келген адам болып шықты. Іздеу жарияланды.

*****

Мақат поселкесінде 30 наурызда жергілікті полиция қызметкерлері «Приора» көлігін тоқтатады. Оның рөлінде 32 жастағы жергілікті тұрғын болған. Сараптама жұмысы оның мас екенін көрсетті. Биылғы жылдың қаңтарында ол осындай ереже бұзғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған екен.

*****

Көктоғай селосының маңындағы Атырау-Орал трассасында полицейлер «Лада» ВАЗ-2114 көлігін тоқтатады. Оның рөлінде 34 жастағы Батыс Қазақстан облысының 24 жастағы тұрғыны отырған. Салонда 6 центнер қара балық табылған, жүргізушінің оған құжаттары болмай шықты.

*****

№1 ҚПБ криминалдық полициясы (Балықшы п.) 30 наурызда Жұмыскер поселкесіндегі азық-түлік дүкені сатушысының сеніміне кіріп алып, 2 блок Parliament сигареті мен 4 блок Rothmans сигаретін алып, ақшасын төлемеген. Жас жігіттің жеке басы анықталды. Күдіктіге іздеу жарияланды.

*****

Сәуірдің 2-де күндіз «102» пультіне қала маңындағы Құрсай поселкесінде «Приора» көлігі қатысқан жол-көлік оқиғасының орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жүргізуші полицияның келгенін күтпестен оқиға орнынан кетіп қалған. Сағат 18-де жергілікті полиция қызметкерлері Рембаза поселкесінен бағдарда көрсетілген көлікті ұстады. Анықталғандай, жүргізуші қала ішінде жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген екен. Тексеру жүргізілуде.

*****

Сәуірдің 4-не қараған түні «102» пультіне Бірлік поселкесіндегі Жоламанов көшесінде тұрған КаМАЗ-дан белгісіз біреудің аккумуляторлар ұрламақ болғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Сол жерге «Батыс-39» патрульдік экипажы жіберілді. Ұрының «Лада» ВАЗ-2114 көлігіне жасырынғаны анықталды. Машинаны Ақсай поселкесінде тоқтатты. Жүргізуші - Индер ауданы Жарсуат поселкесінің тұрғыны мойындау жауабын берді. Содан кейін заттай айғақпен Алмагүл ықшамауданындағы №2 қалалық полиция бөлімшесіне жеткізілген.

*****

Сәуірдің 4-де жергілікті полиция қызметкерлері Жаңаталап поселкесінен «Лада» ВАЗ-2107 көлігін тоқтатады. Салоннан бекіре тұқымдас екі ірі балық салынған пакет табылды. Пакеттің қожайыны, Дамбы поселкесінің тұрғыны балықты Құрманғазы селосындағы белгісіз біреуден сатып алғанын түсіндірді.

7 сәуір 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.