Атырау, 2 мамыр 11:53
 ашықВ Атырау +24
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Браконьер мойындаудан бас тартты

2 531 просмотра

20 сәуірде сағат 22.00-де облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының теңіз инспекциясы бөлімінің қызметкерлері Атырау табиғат қорғау прокуратурасы қызметкерлерімен бірлесе отырып Дамбы ауылында Жайық жағалауынан 26 жастағы Водников поселкесінің тұрғынын ұстап алды. Ол жүргізіп келген екі бірдей «Ямаха-200» ілмелі маторы бар пластикалық қайықтан жалпы салмағы 142 келі болатын бір ғана қортпаның 4 кеспесі табылды.

Ұсталушы браконьерлік жолмен ауланған олжасы туралы қандай ма бір түсінік беруден мүлдем бас тартты. Сондай-ақ, ол процессуалдық құжаттарға да қол қоюдан бас тартты. Балық тәркіленіп, Жайық-Атырау бекіре зауытына тапсырылды, ал, қайық «Арнаулыавтобазаның» күзетілетін тұрағына қойылды. Бұл факт бойынша барлық материалдар мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына іс-жүргізу шешімін қабылдау үшін жолданды.

Тамара СУХОМЛИНОВА
21 сәуір 2016, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.