Атырау, 2 мамыр 17:28
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Оқиғалар тізбегі

2 471 просмотра

Image 0«Исатай-Аққыстау» аралығында «Саратов-Үргеніш-Ташкент» жолаушылар пойызының вагонында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері тиісті құжаттарсыз 110 келі қара балықты тасымалдаған 30 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. ҚР ҚК-нің 196-бабы («Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

***

Құрманғазы ауданының Сафоновка ауылының тұрғыны әлденеше рет отбасылық ұрыс-керіс шығарып, туыстарын балағаттаған. 6 қаңтарда олардың жүйкесі жұқарып, келіні полиция шақырады. Аудандық сот отағасын кінәлі деп тауып, ҚР ӘҚтК 73-бабының 2-тармағының («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы әлденеше рет жасалған құқыққа қарсы әрекеттер») негізінде оған 10 күн әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындалды.

***

Құлсары қаласының орталық базарында ер адам азық-түлік дүкеніне кіріп, сатушыдан бір бөтелке арақ, бір бөтелке шырын, бір қорап темекі мен он бәлішті қорқытып алған. Полиция қаскөйді ұстады. Ол мас болғанын және ештеңе есінде жоқ екенін айтады.

***

Полицияға 30 жастағы қала тұрғыны шағымданды: 15 қаңтарда оған 25 жастағы танысы хабарласып, 10 мың теңге мен үш алтын сақинасын сұрап, кешіктірмей қайтаруға уәде берген. Содан бері хабарсыз кетіп, телефон қоңырауларына жауап бермеген. Күдіктіге іздеу жарияланды.

***

Атырау ҚІІБ жергілікті полицей қызметінің қызметкерлері 19 және 20 жастағы екі қала тұрғынын ұстады. Оларға Нұрсая, Самал және Тұлпар ықшамаудандарындағы тұраққа қойылған көліктерді ұрлады деген айып тағылып отыр. Тергеу жорамалы бойынша, жастар өткен жылдың қазанынан бастап кілт салып қарап, көлік есіктерін ашып, ішінен автомагнитолаларды, сондай-ақ, көлік қожайындарының жеке заттарын қолды қылған. Бүгінде олар оннан астам ұрлық жасады деген күдікке ілініп отыр.

28 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.