Атырау, 6 мамыр 19:02
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Педофил бақташының ісі тергелуде

2 153 просмотра

Атырау облысының Индер аудандық соты педофилдікке күдіктелген бақташыны қамауға алуға санкция берді.

Батыс Қазақстан облысының 44 жастағы тумасы Индер ауданындағы ауылдардың біріндегі шаруа қожалығында бақташы болып жұмыс істеген және үш жасар қызы бар әйелмен бірге тұрған. Индер аудандық сотының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, ол «мас күйде сәбиге қатысты сексуалдық сипаттағы әрекетті жасаған». Анасы бұл уақытта аулада болған. Қорқып кеткен сәбидің айқайын естіп үйге жүгіріп, бірден полицияға хабарласқан.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-тармағы («Күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып көрінеу жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сот екі ай мерзімге қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасына санкция берді. Тергеу шаралары жалғасуда.

Зульфия ИСКАЛИЕВА
30 наурыз 2016, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.