Атырау, 29 наурыз 15:59
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Оқиғалар тізбегі

3 173 просмотра

Image 0Қаланың 23 жастағы тұрғыны Құлманов көшесі бойындағы спорт кешенінің киім ауыстыратын бөлмесінде бірнеше ұрлық жасады деп күдіктеліп отыр. Ол үш ұрлық бойынша айыпталуда. Бірінші жағдайда ол спортшылардан 7 мың теңге мен алтын алқа, екіншісінде – 5 мың теңге мен екі жүз доллар, үшіншісінде – 27 мың теңге ұрлап алған. Тергеу жүргізілуде.

Привокзальныйдағы алаңда су полициясы жүксалғышында 87 келі ысталған табан мен ақбалық табылған «Лифан» маркалы көлігін ұстаған. Балық 52 жастағы Өзбекстан азаматшасына тиесілі екен. Тергеу жүргізілуде.

Қала тұрғыны СМП-136 ықшамауданындағы дүкенді бұзып, ұрлық жасады деген күдікпен ұсталды. Ол Activ, Kcell кәртішкелерін, темекілер ұрлап, төлем терминалын сындырған. Полиция терминалдан ұрланған қолма-қол ақша сомасын анықтауда. Тергеу жүргізілуде.

Мақат АІІБ салынып жатқан мектептің құрылыс алаңынан 30 қапшық цемент, 20 орам рубероид пен бес мотопомпа ұрлады деген күдікпен 52 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Зиян 320 мың теңгеге бағаланды. Заттай айғақтар алынды. Тергеу жүргізілуде.

24 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.