Атырау, 30 сәуір 19:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +13
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

Полиция "Құлсарыдағы тәртіпсіздіктер" туралы бейнежазбаны таратушыларды іздестіруде

2 917 просмотра

Image 0Фото: YoutubeАтырау облыстық ІІД әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылған бейнероликтің Атырау облысына қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдеді.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, таяу күндері орын алған Құлсары қаласындағы тәртіпсіздіктер туралы комментарийлер айтылған бұл бейнежазба шындыққа сай келмейді:

- Wathsapp арқылы таралған жалған бейнежазбаны қазір полиция зерттеуде және халыққа жалған ақпарат тарату мақсатында оны әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратқан тұлғалар анықталуда.

Кеше әлеуметтік желілерде Атырау облысының Құлсары қаласында тұрғындар жаңа Жер кодексіне қарсы наразылыққа шықты делінген - тәртіпсіздіктер туралы ролик пайда болған еді. Бейнежазбада шын мәнінде ақпан айында Жамбыл облысында бала өлтіруге қатысты орын алған толқуларға байланысты басқа сюжет бейнеленген.

Азамат МАЙТАНОВ

23 сәуір 2016, 22:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.