Атырау, 23 сәуір 14:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Оқиғалар тізбегі

2 774 просмотра

Жылыой ауданында жергілікті тұрғын полицияға 18 наурызда қонаққа келген туысының өзін ұрып-соққанын мәлімдеді. 29 жастағы туысына іздеу жарияланды.

*****

Жол-патруль қызметінің қызметкерлері С.Датов көшесінен «Шевроле-Круз» көлігін тоқтатты. 35 жастағы жүргізуші мас екен. Өткен жылдың маусымында оның осындай ереже бұзғаны үшін үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Енді оған 15 тәулік әкімшілік қамауға алу және 10 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы берілуі мүмкін.

*****

Сарыарқа ықшамауданының тұрғыны полицияға 21 наурызда сағат 22-де Сәтпаев даңғылында белгісіз біреудің оның кәмелетке толмаған ұлының «айфонын» тартып алғанын мәлімдеді. Тонаушы ұсталды, телефон балаға қайтарылды.

*****

Наурыздың 23-де таңертең 42 жастағы қала тұрғыны Гурьевский көшесінде белгісіз ер адамның өзінің «Мицубиси Галант» көлігінің алдыңғы әйнегін жұдырығымен сындырғанын полицияға хабарлады. Зиян 40 мың теңгені құрады. Бұзақыны – 32 жастағы Авангард тұрғынын – сол жерге келген патрульдік полицейлер ұстады.

*****

Наурыздың 23-де кешкісін Құлсарыда жергілікті полиция қызметкерлері 20 жастағы жас жігіт жүргізіп келе жатқан «Приора» көлігін тоқтатып, салоннан нунчаки тапқан. Қазақстанда суық қару санатына жатқызылған қауіпті зат тәркіленіп алынды.

*****

Наурыздың 24-де Индер ауданының Құрылыс ауылында полицейлер «Рено Сандеро» көлігін тоқтатып, салонынан төрт центнер қара балық тұқымдастарды тауып алды. Жүргізушісі, Батыс Қазақстан облысының 25 жастағы тұрғыны жүкке тиесілі жөнелтпе құжаттарды ұсына алмады. Тергеу жүргізілуде.

31 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.