Атырау, 5 мамыр 02:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Оқиғалар тізбегі

2 529 просмотра

Желтоқсан айының соңында Мұнай және газ институтының жатақханасында қытайлық студенттің күртесінің қалтасынан 94 мың теңге жоғалып кетті. Ұрлады деген күдікпен 21 жастағы жас жігіт ұсталды. Тергеу жүріп жатыр.

*****

2 қаңтарға қараған түні Құлсары қаласындағы мейрамханалардың бірінің ауласында әйелдің қол сөмкесін тартып алған 21 жастағы тонаушы ұсталды. Айғақ зат алынды.

*****

Атырауда 6 қаңтар күні кешке белгісіз біреу жекеменшік үйдің есігін бұзып кіріп, 4 шөлмек арақ пен бір шөлмек коньяк ұрлаған. Үй тонады деген күдікпен 36 жастағы қалалық ұсталды.

*****

Полицияға бас киімдер сататын дүңгіршек иесі, СМП-136 ықшамауданының тұрғыны хабарласты: 8 қаңтар күні кешке оның сауда орнынан 24 ер адамның күзгі бас киімі ұрланған, жалпы шығын 14,5 мың теңгені құрады. Ұрлық жасады деген күдікпен Ақтөбе облысының 29 жастағы тұрғыны ұсталды.

*****

Полицияға 22 жастағы қала тұрғыны хабарласты: жаңажылдық мереке күндерінде үйде болмаған кезде оның үйінен киім-кешек, теледидар, шәйнек және қысқа толқынды пеш ұрланған. Ол 26 жастағы Балықшыда тұратын танысынан күдіктеніп отыр. Іздестірілуде.

*****

Махамбет аудандық соты азамат Е.-ге қатысты әкімшілік істі қарады. 2015 жылдың аяғында ол қатты мас күйінде танысының көлігімен үйге апарып тастауын талап етеді. Танысы бас тартқан соң, ол көлігінің терезе әйнегін сындырады. Келесі күні ол зардап шегушіден кешірім сұрап, материалдық шығынды өтеді. Сот оған 10 АЕК көлемінде айыппұл тағайындады.

14 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.