Атырау, 5 мамыр 14:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Оқиғалар тізбегі

3 081 просмотра

Полицияға Индер ауданының 28 жастағы тұрғыны шағымданды. Оның айтуынша, 34 жастағы танысы оның несиелік кәртішкесінен рұқсатсыз 50 мың теңге түсіріп алған. Тергеу жүргізілуде.

***

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны 13 сәуірде 40 жастағы СМП-163 тұрғыны ол жалдап жатқан пәтерге келіп, жанжал шығарып, өзі мен балаларының құжаттарын алып кеткендігін полицияға мәлімдеді. Тергеу жүргізілуде.

***

Сәуірдің 16-да күндіз «Дина» базарындағы бутиктердің бірінде қала маңындағы Томарлы поселкесінің 22 жастағы тұрғынының күртесінің қалтасындағы 50 мың теңге жоғалып кеткен. Бақылау камерасының көмегімен ұрлық жасаған күдікті анықталды, оған іздеу жарияланды.

***

Жылыой ауданының жергілікті полиция қызметкерлері Құлсары қаласында «Лада» көлігін тоқтатады. Оның 26 жастағы жүргізушісі мас болып шықты. 2014 жылы оның осындай заң бұзушылық үшін үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталды.

***

Атырау-Астрахань трассасында Ганюшкино поселкесінің 27 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Лада Ларгус» көлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде салоннан 430 келі қара балық табылған. Балық Ганюшкино селосының 30 жастағы тұрғынына тиесілі екен. Тергеу жүргізілуде.

21 сәуір 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.