Атырау, 25 желтоқсан 18:32
 ашықВ Атырау -10
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Оқиғалар тізбегі

2 905 рет қаралды

Атырау-Астрахан тас жолындағы мал базары маңында полицейлер «Лада-Приораны» тоқтатып, жүк салғышынан жалпы салмағы 12 келі болатын кішкентай тоғыз бекірені тапты. Жүргізуші, 47 жастағы Хамит Ерғалиев ауылының тұрғыны ұсталды. Тергеу жүргізілуде.

***

Желтоқсанның 11-де Атырауда «Правопорядок» операциясының барысында қазан айында Ақтөбе облысының Шалқар АІІБ іздеу салған азамат ұсталды. Оған мас күйде көлік айдап, жаяу жүргіншіні қағып өлтірді деген айып тағылған.

***

Желтоқсанның 12-іне қараған түні жол-патруль қызметі «Дэу-Джентра» көлігін ұстады. Оның жүргізушісі, 24 жастағы қыз мас болған. Тексеру жұмыстары қараша айында әкімшілік соттың оны осындай ереже бұзғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырғандығын анықтады.

***

Белгісіз біреу 4-ші ықшамауданда кетіп бара жатқан әйелдің сөмкесін жұлып қашқан. Жақын маңда жүрген 5546 әскери бөлімшенің сарбаздарынан құралған патруль сол мезет тонаушыны – Атырау қаласының 28 жастағы тұрғынын ұстады.

***

Желтоқсанның 12-іне қараған түні Привокзальныйда белгісіз біреулер «Лада-Гранта» көлігінің бейнетіркегішін ұрлап кеткен. Сол түні ықшамауданда тағы бірнеше автомобиль тоналған. Ұрлықтарды жасады деген күдікпен кәмелетке толмаған үш бала ұсталды.

17 желтоқсан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.