Атырау, 26 желтоқсан 01:00
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Қылмыстар хроникасы

1 829 рет қаралды

Жыл басынан бері Атырау қаласында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 16 жол-көлік оқиғасы орын алды. Оның 9-нда адамдар белгіленбеген жерлерден жолды кесіп өткен. Жаяу жүргіншілердің жол жүру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы 1 052 хаттама толтырылды.

***

Мамырдың 2-не қараған түні «Батыс-7» патрульдік полицей экипажы орталық көпір бойымен келе жатып, көпір қанатына шығып алып, Жайыққа секірмек болған қызды байқайды. Қыздың жігітімен ренжісіп қалған соң өмірімен қоштасуға бел байламақ болғаны анықталды. Қыз ІІБ-нің кезекші бөліміне жеткізіліп, алдын алу әңгімесі жүргізілгеннен кейін үйіне жіберілді.

***

Мамырдың 3-іне қараған түні №1 қалалық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне (Балықшы п.) Әуезов көшесіндегі кафелердің бірінде дабыл жүйесі іске қосылғандығы туралы хабарлама келіп түсті. «Батыс-1» патрульдік экипажы металл-пластик терезелер мен металл торларды бұзып, ішке кіріп, кондиционер, сауда таразылары мен азық-түліктерді ұрлауға тырысқан екі күдіктіні ұстады. Күдіктілер заттай айғақтармен бірге кезекші бөлімшеге жеткізіліп, мойындау жауаптарын берді. Олардың басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

5 мамыр 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.