Атырау, 23 сәуір 15:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Оқиғалар тізбегі

1 467 просмотра

Полицияға 37 жастағы қала тұрғыны 5-7 сәуір аралығында белгісіз біреулер Канцев көшесінің бойында орналасқан көлікжайының қақпасын сындырып, бос екі канистра мен бейнепроекторды ұрлап кеткендігіне шағымданды. Ұрлық жасады деген күдікпен Атырау қаласының 25 және 27 жастағы тұрғындары ұсталды. Тергеу жүргізілуде.

***

Сәуірдің 7-де таңертең жұмыс орнында 44 жастағы ер адамның күртесінің қалтасынан ірі ақша сомасы ұрланған. Қызметтестері күдіктінің «Киа-Рио» көлігіне мініп кетіп қалғанын байқаған. Сипаттау бойынша ұрының фотороботы жасалып, кейін оны ұстады. Қаскөй 37 жастағы Балықшы тұрғыны болып шықты.

***

Полицияға Химпоселкенің 27 жастағы тұрғыны шағым-данды: 8 сәуірге қараған түні үйінің жанында тұрған КамАЗ көлігінен екі аккумуляторын түсіріп алған. Күдіктінің жеке басы анықталды, ол Атыраудың 19 жастағы тұрғыны екен. Оған іздеу жарияланды.

Жергілікті полиция қызмет-керлері сәуірдің 8-іне қараған түні Атырау-Орал трассасынан 661 келі табан балық тиеген бортты «Газель» көлігін тоқтатқан. Батыс Қазақстан облысында тұратын 26 жастағы жүргізушіде жүктің жөнелтпе құжаттары болмаған. Тергеу жүргізілуде.

***

«Бекiре-2016» операциясының барысында Дамбыдан шыққан №50 автобус маршрутын тексеру кезінде 28 келі жаңа ауланған бекіре еті салынған үш пакет табылды. Дамбыда тұратын 36 жастағы жолаушы балықтың өзіне тиесілі екенін мойындады. Тергеу жүргізілуде.

***

Су полициясының қызметкерлері Жұмыскер поселкесіндегі азық-түлік дүкенінің маңынан 39 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Оның қолындағы екі пластик пакетте 15 келі жаңа ауланған бекіре еті мен бір келі қара уылдырық болған. Тергеу жүргізілуде.

***

Полицияға 35 жастағы әйел шағымданды: 2 сәуірде күндіз Баймұханов көшесінің бойындағы мейманханада сөмкесінен 27 мың теңге ұрланып кеткен. Ұрлық жасады деген күдікпен Атыраудың 25 жастағы тұрғыны ұсталды.

***

Сәуірдің 11-де таңертең Махамбет көшесінің бойындағы жаяу жүргінші өткелінде СМП-136 ықшамауданының 33 жастағы тұрғыны «Тойота-Камри» көлігін жүргізіп келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шегуші түрлі зақыммен облыстық ауруханаға жатқызылды. Тергеу жүргізілуде.

***

Полицияға 27 жастағы қыз хабарласты: 11 сәуірде кешкісін Махамбет көшесінде белгісіз біреу оның сөмкесін жұлып алмақ болады. Күдікті бақылау камерасының көмегімен анықталып, оны «Батыс» патрульдік экипажы ұстады. Ол Исатай ауданының 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Наркологтар оның орташа дәрежедегі алкогольдік мас күйде екенін анықтады. Тергеу жүргізілуде.

***

Полицияға жеке кәсіпкер шағымданды: ақпан мен сәуір айлары аралығында өзінде жұмыс жасаған сатушы қыз 400 мың теңгені иемденіп алған. Күдіктіге іздеу жарияланды.

14 сәуір 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.