Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Атырау-Ақтөбе» бағытындағы пойыздың жолаушылар вагонында бір центнерден астам сазанды тиісті құжаттарсыз алып бара жатқан 54 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Балық тәркіленді. Тергеу жүргізілуде.
***
Полицияға 42 жастағы кәсіпкер шағымданды. Өткен жылдың сәуірінде ол құлсарылық әріптесіне көлік жуатын орынды жалға берген. Белгіленген мерзімде жалға алушы көлік жуатын орынды тапсырады. Қожайыны тұтынылған су үшін 400 мың теңге есепшоттың төленбегенін кейін ғана біледі. Күдіктіге іздеу жарияланды.
***
Полицияға Қызылқоға ауданындағы мал иесі шағымданды: өткен жылдың тамызында ол көрші шаруа қожалығындағы шопанға қойларын бағып беруді өтінеді. Содан бері қарай оған 31 қойдан тұратын отарын қайтармай отыр екен. Тергеу жүргізілуде.
***
«Контрафакт» операциясының барысында «Дина» базарынан 27 жастағы Привокзальный тұрғыны ұсталды. Одан екі жүзден астам контрафактілі дискілер тәркіленді. Тергеу жүргізілуде.
***
Құрманғазы аудандық сотының үкімімен Өзбекстан азаматы Ж.Каримов ҚР ҚК-нің 392-бабы («ҚР мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту») бойынша кінәлі деп танылды. Сотта Каримов РФ-ның көші-қон заңнамасын бұзғандығын, оған Ресейден шығарып жіберу қаупі төнгенін, сондықтан өткізу қосынынан тысқары жерден Қазақстанға өтуді ұйғарғанын баяндады. Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарламасы бойынша, сотталушы кінәлі деп танылып, 500 АЕК мөлшерінде айыппұл және ҚР аумағынан шығару жазасын алды.
***
Полицияға Құрманғазы ауданының 55 жастағы тұрғыны шағымданды: ол Томарлы поселкесіндегі жеке үйдің ауласына өзінің «Рено-Дастер» көлігін қалдырып кеткен. Ал, түнде оны ұрлап кетіпті. Кейінірек көлік Томарлы көшелерінің бірінде бүйірлеп жатқан жерінен табылды. Күдікті – 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
***
Приморье селосына жақын Ганюшкин-Байда тас жолында Құрманғазы АІІБ полицейлері екі тонна қара балық тиеген бортты «Газель» көлігін тоқтатты. Көлікті 31 жастағы Атырау тұрғыны жүргізіп келе жатқан. Тергеумен су полициясы айналысуда.
***
Махамбет көшесінің бойындағы үйлердің бірінде көршілер арасында орын алған ұрыс-керіс барысында 37 жастағы әйел өз пәтерінде кілттеніп алған. Ал, 44 жастағы көршісі кіретін есікті сындырып тастаған. Тергеу жүргізілуде.
В Атырау +3