Атырау, 7 мамыр 15:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​Мұқырда төбелес кезінде екі адам көз жұмды

4 917 просмотра

Image 0Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылында екі адамды өлтірді деген күдікпен екі тұрғын уақытша қамауға алынды.

Оқиға 27 желтоқсан күні кеште орын алған. Қызылқоға аудандық ІІБ тергеу бөлімінің бастығы Мұхамбет БАЛҒОЖИЕВТЫҢ айтуынша, ауыл жастарының арасында төбелес орын алып, бір жігіттің жамбасына сұғылған пышақ күре тамырына тиіп, ол көп қан жоғалтқаннан көз жұмды. Екінші жігіт жүрек тұсына тиген пышақтан сол жерде мерт болды.

- 1989 және 1990 жылғы екі күдікті жігіт қамауға алынды, екеуі де жергілікті тұрғындар, - дейді - М.Балғожиев. - ҚР ҚК-ның 99-бабы 2-тармағы бойынша («Адам өлтіру») қылмыстық іс көтеріліп, сараптама тағайындалып, іс тергелуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

7 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.