Атырау, 21 желтоқсан 13:20
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Заңды демалыс

– Мен Қашағанда 28/28 күндік вахталық әдіспен жұмыс жасадым. Содан кейін мені бұйрық арқылы 7/7 күн кестесімен Атырауға ауыстырып жіберді.  Алдыңғы келісімшартқа сәйкес, мен 28 күн демалуға тиіс едім, бірақ бар болғаны 23 күн демалдым. Үстеме 5 жұмыс күні үшін маған төлемеді. Бұл заңды ма? Тек менің мекен-жайым ғана өзгерді, ал компания орнында қалды ғой. 28 ақпан 2013, 00:00 2 774 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Анықтама алуға құқылы

– Бірнеше жыл бұрын азаматтығымды өзгертіп, Ресейге тұрақты мекен-жайға көшіп кеткен едім. Енді зейнетақы ресімдеу үшін маған соңғы бес жылдағы мұрағат анықтамасы қажет болып отыр. Атырау қалалық мұрағатына хабарласқанымда, маған мұндай анықтама беруден бас тартып, тек үш жылдың ғана анықтамасын бере алатындарын айтты. Енді не істеймін? 28 ақпан 2013, 00:00 2 138 рет қаралды
Бұл тек басы ғана... Сұрақ-жауап

Бұл тек басы ғана...

– Мен Көкарна поселкесінен коммерциялық мақсатқа жер учаскесін сатып алған едім. Алаңы 120 шаршы метр болатын бір қатарлы дүкен салмақпын. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы үнемі құрылыс салуға рұқсат алу тәртібі туралы қарама-қайшы мәлімет береді. Бүгінде құрылыс бастауға рұқсат алу тәртібі қандай екенін білгім келеді. Жұмыс жобасы қажет пе? Қандай кезеңдерден (сызбалық жоба, сәулет қызметінің келісімі, жұмыс жобасы, сараптама, құрылыс салуға рұқсат және т.б.) өту керек? 21 ақпан 2013, 00:00 3 368 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Тәжірибеден өту - ақылы

– Мен Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Радиотехника, электроника, коммуникация» мамандығы бойынша 4 курста оқып жүрмін. «Қазақтелекомнан» тәжірибеден өткім келген, бірақ облыстық телекоммуникациялар дирекциясының кадрлар бөлімінде кәсіпорыннан тәжірибеден өту ақылы екендігін және 20 мың теңге шамасында екендігін айтты. Мен абдырап қалдым. Мұндай ережемен алғаш рет бетпе-бет келіп отырған едім. 21 ақпан 2013, 00:00 2 776 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Лицензиялық өнім орнатылуы тиіс

– Менің компьютерлер жөндеу қызметін көрсететін ЖК-ым бар, сонымен қатар Windows операциялық жүйелер орнатумен де айналысқым келеді. Мұндай қызметтер көрсетуге құқылымын ба? Маған өндірушіден қандай да болмасын рұқсат қажет пе? 21 ақпан 2013, 00:00 2 012 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Даңқты жерлесіміздің есімі

– Бұрын біздің көшеміз Верхняя Садовая деп аталды. Өткен жылдың аяғында оған Шамкен Мұхтаровтың есімін берді. Бүкіл интернетті қопарып, мұндай адам туралы ешқандай мәлімет таба алмадым. Біздің көшеміздің қандай жанның есімімімен аталатынын білгіміз келеді. 14 ақпан 2013, 00:00 2 569 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Егеуқұйрық, тышқан бар ма?

– Мен Балықшыдағы жеке секторда Оң жақ Жоғарғы Перетаска көшесінде тұрамын. Бұрын бізде тұрақты түрде тышқандар мен егеуқұйрықтарды құрту жұмыстарын жүргізіп, үйлерді аралап арнайы улы заттар тарататын. Соңғы рет бұл 2011 жылы болды. Қазір суыққа байланысты сарайлар мен басқа қосалқы орынжайларда егеуқұйрықтар пайда болыпты. Неліктен оларды қазір уламайтын болған? 14 ақпан 2013, 00:00 3 465 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Отбасы бөлек, бизнес бөлек

– Мемлекеттік сатып алулар бойынша тендерлік конкурсқа қатысу кезінде бәсекелестер арасында қандай туыстыққа жол беріледі? Мәселен, бір тендерге өз ЖК-і бар бауырым, ұлым немесе әйелім және мен қатыса аламын ба? 7 ақпан 2013, 00:00 2 653 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Нөмір дағдарысы

– Жаңа мемлекеттік нөмір алғым келген. Бірақ көліктің артқы нөмір тұратын орны шаршы боп келген. Жергілікті жол полициясындағылар жаңа нөмірлердің тек тік бұрышты пішінде екенін мәлімдеп отыр. Алайда жол полициясы комитетінің сайтынан шаршы нөмірлер де бар екенін оқыған едім. Осы рас па? 7 ақпан 2013, 00:00 2 107 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Кешкі «романтика»

- Біз Береке селосындағы «Кабиева» ЖК-нің су тазалау құрылғысының аумағында жаңа тұрғын үй массивінде тұрамыз. Бізді электр жарығына қатысты проблемалар шаршатып болды. Шамдар сығырайып, тоңазытқыш пен теледидарлар үнемі бұзылуда, кернеуді реттейтін стабилизаторлар да көмектеспейді. Өткен жылдың қарашасында біз «АтырауЭнергоСату» ЖШС директорының қабылдауында болдық. Ол жіберген комиссия электрмен қамту тұрақты болатын күндізгі уақытта келді. Ал проблемалар, негізінен, кешкі уақыттарда туындайды. Электрмен қамту қашан тұрақтанады екен? 24 қаңтар 2013, 00:00 2 372 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Үстемақы қосылған сәлемдеме

- Менің атыма пошталық сәлемдеме келген еді. Алайда пошташы бұл туралы хабарламаны маған сәлемдеме пошта бөлімшесіне келіп түскеннен кейін бір апта өткенде әкелді. Сәлемдемені алып кетуге келсем, поштада бір апта бойы жатқаны үшін ақы төлеуімді талап етті. Бұл жағдайда пошта қызметкерлерінің әрекеттері дұрыс па және пошта бөлімшелерінде сәлемдемелердің ақысыз сақталу мерзімі қандай? 24 қаңтар 2013, 00:00 2 166 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Талонсыз тексеру

- ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВ жаңа жылдан бастап Қазақстанда техникалық қадағалау қағазсыз болады деген болатын. Көлік иелері барлық процедуралардан өтіп, бұл туралы хабарламаны, сәйкесінше, органдар интернет арқылы алады делінген. Биыл қағаз талондар беріле ме? 9 қаңтар 2013, 18:54 1 854 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ақырзаман

- Екі аптадан бері Атырау ықшам ауданында электр жарығы жанып-өшіп, тұрақтылық болмай тұр. Атырау-Жарықтың апатты бригадасы келіп жасайды, қосады, жарты сағаттан кейін қайта сөнеді. Газ қазандықтары электр қуатымен жұмыс жасайды, тоңып отырмыз, жылыту жүйесі қатып қала ма деп те қорқамыз. 9 қаңтар 2013, 18:57 2 560 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Есеп бұзылды

- Біз үшін газға ақша төлеу үлкен мәселеге айналды. Біз бұрын ақшаны ХҚО-ның Балықшы бөліміне барып төлейтін едік, бірақ бұл жолы кассирді түстен кейін күттік, ол келмеді. Төлемді Қазпошта да алмай, бізді Алмагүл ықшам ауданына жіберді. Ал онда тұрған кезектің шеті жоқ. Не істеуге болады? 9 қаңтар 2013, 18:58 2 089 рет қаралды
Белгілерге абай бол! Сұрақ-жауап

Белгілерге абай бол!

- Азаттық – Әліпов көшелері қиылысында «Атырау» шипажайынан шығарда «Жол беріңіз» белгісі тұр. Бұл егер менің маневрым басқа қозғалыс қатысушыларына кедергі келтірмей, апатты жағдаяттар тудырмасам, бағдаршамның белгілеріне қарамастан қиылысқа шыға беруіме болады деген сөз. Алайда, мен шипажай жақтан қиылысқа шыққан жүргізушілердің бағдаршам белгілеріне қарайтынын байқап жүрмін. Кімдікі дұрыс? 9 қаңтар 2013, 18:59 2 663 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ыңғайсыз өткел

- Сәтпаев даңғылынан Владимир көшесіне бұрылыстан («Өнерпаздың» қасында) бірнеше метр жерде жаяу жүргіншілер өткелі бар. Бұл өте шиеленісті қиылыс. Қарбалас сағаттарда Сәтпаевтан Владимир көшесіне бұрылыста машиналар көп жиналып, жүргізушілер Сәтпаев даңғылынан тез өтіп кетуге тырысады және көшеден өтерде жүргіншілерді жіберіп, тағы тоқтауға тура келеді. Сәтпаевтан Ерғалиев көшесіне бұрылыста да жүргіншілерді жіберуден машиналар кептеліс жасайды. Осы жүргіншілер өткелін, кем дегенде, 5 метрге әрі көшіруге болмас па екен? 9 қаңтар 2013, 19:01 2 115 рет қаралды
Негізгі көше қайсысы? Сұрақ-жауап

Негізгі көше қайсысы?

– Біршама уақыттан бері Балғымбаев – Жарбосынов қиылысында («Ренко» мейманханасының маңында) қозғалыс басымдығы өзгерді. Бұрын Жарбосынов көшесінен Балғымбаевқа бұрылатын машиналарда артықшылық бар болатын. Оларды мейманхана жақтан және SOS емханасы орналасқан тұйықтан шығатын көліктер өткізіп жіберетін. Енді артықшылық Балғымбаев көшесіне берілген. Бұл қиылыста қозғалыс көп емес. Ендеше өзгерісті енгізуге қандай қажеттілік болды екен деген сұрақ туындап отыр. 26 желтоқсан 2012, 17:02 2 127 рет қаралды
Еңбек демалысы, сақ бол! Сұрақ-жауап

Еңбек демалысы, сақ бол!

- Өткен жылы мен еңбек демалысын желтоқсан айында алған едім, ал биыл ертерек – тамызда алуды жөн көрдім. Алайда есеп бөлімі маған өткен еңбек демалысынан 12 ай уақыт өтпегенін негізге алып, сауықтыру ақысын толықтай төлеуден бас тартты. Тек жұмыс жасаған 8 айға есептеп, аударды. Есеп бөлімінің бұл әрекеті дұрыс па? 19 желтоқсан 2012, 16:46 12 491 рет қаралды
Асфальт келер жылы төселеді Сұрақ-жауап

Асфальт келер жылы төселеді

- Геолог поселкесінен Теңдік ауылына барар жолда орналасқан Строительный көшесінің көлік жолы 2012 жылы күрделі жөндеуге жатады деген тізімге енгізілген. Жыл аяғы болды, ал асфальт әлі күнге дейін жоқ. Жөндеу қашан жүреді? 12 желтоқсан 2012, 23:04 1 978 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Дау туғызған табель

– Біздің ЖШС-де жұмыс уақытын есептеу табелін екі адам: учаске бастығы (прораб) мен шебер (директордың туысы) жүргізген еді. Нәтижесінде жалақы шебер жасаған табель бойынша есептелді. Онда сағаттар қиып тасталған болатын. Табельді кім жасауы тиіс? 12 желтоқсан 2012, 23:06 2 609 рет қаралды
Кешіктіру себеп емес Сұрақ-жауап

Кешіктіру себеп емес

–  2009 жылы мен жүктілігіме байланысты демалысқа шықтым. Бала күту демалысында болғанымда тағы да жүкті болдым. Осыған байланысты мен ақысыз еңбекке жарамсыздық бетшесін рәсімдедім, жұмыс беруші оған қолын қойды. Одан кейін мен баланың жасы 3-ке келгенше бала күту бойынша ақысыз демалыс беру жөнінде арыз жазғанымда күнді шатастырып, оны жарамсыздық бетшесінің мерзімі  аяқталғаннан кейінгі 10 күннен соң  жазыппын. Жұмыс беруші осыны пайдаланып мені жұмыстан шығара ала ма? 5 желтоқсан 2012, 18:00 2 374 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Атамның атын алсам деймін

– Ата-анам менің тегімді бабамның атына жаздырған. Қазір мен оны атамның атына ауыстырғым келеді. Атырау АХАТ бөлімінде маған атамның әкесінің аты көрсетілмегендіктен ауыстырып беруден бас тартты. Бұл ауыстырмауға себеп бола ала ма? 5 желтоқсан 2012, 18:47 2 317 рет қаралды
Жобадағы өзгерісті заңдастыруға болады Сұрақ-жауап

Жобадағы өзгерісті заңдастыруға болады

– Пәтерімізді сатқымыз келген. Бірақ жоспарда жуынатын бөлме мен дәретхана бөлек көрсетілген, ал іс жүзінде бірге. Біз бұл пәтерді он жыл бұрын өзіміз сатып алғанбыз. Санитарлық тораптарды бұрынғы қожайындары біріктіріп жіберген. Жоспардағыдан бөлек айырмашылық болғандықтан, пәтерімізді сата алмай отырмыз. Сондай-ақ, қазіргі уақытта панельді үйлерді қайта жобалауға тыйым салынған деп естідік. Біріккен торапты заңдастыру үшін не істеуіміз керек? Бұл жобалауды біздің жүзеге асырмағанымызды қалай дәлелдейміз? Енді бізге қандай жауапкершілік жүктеледі? 28 қараша 2012, 16:21 1 918 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ата-аналардың құқығы бірдей

– Ажырасқаннан кейін бұрынғы жұбайым екі баланы алып, селода тұратын өз анасының қолына кетті. Ол жерде ешқандай жағдай жоқ. Оның үстіне ол маған балаларыммен кездесуге және демалыс күндері алып кетуіме рұқсат бермей отыр. Оның өзі еш жерде жұмыс жасамайды, тіркелген тұрақты мекен-жайы да жоқ. Мұндай жағдайда әкесі балаларға деген өз құқығын талап ете ала ма? 14 қараша 2012, 18:07 3 320 рет қаралды