Атырау, 24 желтоқсан 05:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Оқиға

Құрылысшыларды тонады Оқиға

Құрылысшыларды тонады

24 қыркүйек күні Балықшы ықшам ауданы А.Байжігітова көшесінде салынып жатқан құрылыс ғимаратынан 500 мың теңге сомадағы техниканы белгісіз адамдардың ұрлағаны жөнінде №1 қалалық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне хабарлама келіп түскен. Жедел іздестіру шаралары барысында 1995 жылы және 2005 жылы туылған күдіктілер анықталды. 4 қазан 2023, 14:38 1 232 рет қаралды
Жанармай бекетіндегі қайғылы оқиға Оқиға

Жанармай бекетіндегі қайғылы оқиға

12 қыркүйекте сағат 20:50 шамасында Мақат ауданы полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне Доссор селолық ауруханасынан белгісіз ер адам өлі адамды әкеліп тұрғандығы жөнінде хабарлама түсті. Бейнежазба 14 қыркүйек 2023, 14:34 1 698 рет қаралды
Ірі мөлшерде кабел ұрлаған Оқиға

Ірі мөлшерде кабел ұрлаған

Атырауда полиция Жылыой ауданы аумағында бағанаға ілінген электр кабелдерін жасырын жымқырды деген күдікпен ауданның төрт тұрғынын анықтап, ұстады. Қылмыскерлер қолды қылған кабелдің жалпы құны 100 млн теңгені құрайды.  14 қыркүйек 2023, 17:22 1 582 рет қаралды
Сиыр қағып, жүк көлігіне соқтығысқан жүргізуші қайтыс болды Оқиға

Сиыр қағып, жүк көлігіне соқтығысқан жүргізуші қайтыс болды

24 тамызда сағат 22:10 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 430-шақырымы тұсында Toyota Camry көлігі жол бойын қиып өтіп бара жатқан сиырды қағып кетті. Соққы екпінімен қарсы жолаққа шығып, Mercedes жүк көлігімен тағы соқтығысты. Бейнежазба 25 тамыз 2023, 15:33 1 822 рет қаралды
Доссор трассасында болған жол апатынан 7 адам қаза тапты Оқиға

Доссор трассасында болған жол апатынан 7 адам қаза тапты

16 шілдеде сағат 15:00 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 82-шақырымы тұсында кісі өлімімен аяқталған жол апаты болды. Chevrolet Cobalt автокөлігі Toyota Ipsum автокөлігіне соқтығысып, салдарынан  Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы, Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, 2 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілді. Сурет Бейнежазба 16 шілде 2023, 21:51 1 782 рет қаралды
Вокзал маңындағы жол-көлік апаты: екі адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды Оқиға

Вокзал маңындағы жол-көлік апаты: екі адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды

15 шілде күні сағат 15:30 шамасында Атырауда Баймұханов көшесінде теміржол вокзалының маңында төрт көлік – екі жеңіл көлік (Toyota Camry және Hyundai Elantra) және «Daewoo» және «Youtong» маркалы екі автобус соқтығысты. Салдарынан Hyundai Elantra жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Hyundai Elantra көлігінің тағы бір жолаушысы, жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. 15 шілде 2023, 22:36 1 871 рет қаралды
Мас қожайын және "қатыгез бұзақы" ит Оқиға

Мас қожайын және "қатыгез бұзақы" ит

Әлеуметтік желіде полицейлердің қасында иті бар ер адамның тұрған видеосы пайда болды.  Полицейлердің бірі итті таяқпен қатты соғып, видео солай аяқталады. Ол жерде не болды? «АЖ» түсініктеме алу үшін Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді. 24 маусым 2023, 18:59 1 741 рет қаралды
Атыраулық полицейлер құрбысын 45 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады Оқиға

Атыраулық полицейлер құрбысын 45 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады

7 маусым күні Атырау полициясы басқармасына айырбастау пунктінен шыққан 43 жастағы әйел адамның 45 млн теңгесін тонап кетті деген хабарлама түскен. Тергеу бастаған полицейлер ақшаны өзі иемдену үшін шағымданушының ұрлықты өзі ұйымдастырғанын анықтады. Бұл оқиғаға қатысқан оның екі танысы да ұсталды. 8 маусым 2023, 22:15 2 099 рет қаралды
Неліктен сонша қатыгез еді? Оқиға

Неліктен сонша қатыгез еді?

Жақында әлеуметтік желіде бірнеше жасөспірім өз құрдастарын соққыға жыққан видео пайда болды. Жанжалдың не себепті туындағаны белгісіз, бірақ қатыгездікпен ұрып-соққаны әлеуметтік желілерде наразылық тудырды. Бейнежазба 14 сәуір 2023, 17:26 1 573 рет қаралды
Индер-Сағыз жолында болған көлік апатынан екі адам қаза тапты Оқиға

Индер-Сағыз жолында болған көлік апатынан екі адам қаза тапты

18 наурыз күні облыстық маңыздағы Индер – Қарабау – Миялы – Сағыз жолының 83-шақырымында 59 жастағы жүргізуші тізгіндеген УАЗ және 21 жастағы жүргізуші басқарған Toyota Ipsum көліктері соқтығысқан. Бейнежазба 19 наурыз 2023, 21:44 1 869 рет қаралды
Бейнеу – Доссор трассасындағы жол апатынан бір адам қаза болды Оқиға

Бейнеу – Доссор трассасындағы жол апатынан бір адам қаза болды

«Бейнеу-Құлсары-Доссор» трассасында Ақтаудан Атырауға келе жатқан 58 жастағы «Toyota Land Сruiser» жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, көлік сайға түсіп кеткен. Оқиға салдарынан 59 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. 6 наурыз 2023, 15:56 1 434 рет қаралды
 №8 мектеп директоры мектеп ғимаратының ауласында от жағылғаны үшін қатаң сөгіс алды Оқиға

№8 мектеп директоры мектеп ғимаратының ауласында от жағылғаны үшін қатаң сөгіс алды

Әлеуметтік желілерде оқушылар мен мұғалімдер қаладағы №8 мектептің ауласында Масленица мерекесін атап өту үшін үлкен алау жаққан видео пайда болды. Мұнда осы ежелгі шығыс славян мерекесінің белгісі ретінде тұлыпты өртейді. Әлеуметтік желі қолданушыларының көпшілігі мерекенің өзіне емес, ТЖД қызметкерлерінің бақылауынсыз мектеп ғимаратының жанында үлкен алау жағылғанына наразылық білдірді. 27 ақпан 2023, 13:15 1 355 рет қаралды
Атырауға ұшқан тікұшақ қатты екпінмен қонып, 4 адам қаза тапты Оқиға

Атырауға ұшқан тікұшақ қатты екпінмен қонып, 4 адам қаза тапты

Атырау – Орал – Атырау бағыты бойынша «Қазтрансойл» АҚ тапсырысы бойынша құбырды шолған тікұшақтың қатты екпінмен қонуы нәтижесінде төрт адам қаза тауып, екеуі жарақат алды, - деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті. 23 ақпан 2023, 21:48 1 818 рет қаралды
Қарлы боранда жоғалған малшы табылды Оқиға

Қарлы боранда жоғалған малшы табылды

16 ақпан күні сағат 09:00-да Индер ауданы Өрлік селосынан 30 км қашықтықта орналасқан «Аманғали» қыстағынан бір тәулік бұрын 53 жастағы ер адамның түйемен мал жайлауға шығып, кері оралмағаны туралы хабарлама түсті. 16 ақпан 2023, 16:09 1 206 рет қаралды
Индер трассасында жол апатынан 2 адам қаза тапты Оқиға

Индер трассасында жол апатынан 2 адам қаза тапты

Бүгін 15 ақпан күні сағат 15:00 шамасында Атырау-Индер тас жолының 72-шақырымында Toyota Ipsum және Lada Grantа автокөліктері соқтығысып, салдарынан Lada Granta автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, 60 жастағы жолаушысы ауруханада көз жұмды.   Сурет 15 ақпан 2023, 23:33 1 419 рет қаралды
Заң бұзушылықтар мен оқиғалар тізбегі Оқиға

Заң бұзушылықтар мен оқиғалар тізбегі

Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 5 адамнан құралған қылмыстық топты ұстады. Бейнежазба 9 ақпан 2023, 00:46 1 764 рет қаралды
Теңіз кенішінде «вакуум» цистернасы жарылып, жұмысшы қаза тапты Оқиға

Теңіз кенішінде «вакуум» цистернасы жарылып, жұмысшы қаза тапты

8 ақпанда күндіз Теңіз кенішінде адам өліміне әкелген қайғылы оқиға болды. «WEST DALA» компаниясына тиесілі «вакуум» цистернасы жарылып, 37 жастағы жұмысшы қаза тауып, 30 жастағы екінші жұмысшы жарақат алды. 9 ақпан 2023, 01:28 2 467 рет қаралды
Доссорда екі адам көмірқышқыл газынан көз жұмды Оқиға

Доссорда екі адам көмірқышқыл газынан көз жұмды

22 қаңтар күні Мақат ауданы Доссор поселкесіндегі екі қабатты үйдің пәтерлерінің бірінен 1977 және 1976 жылы туған ер адамдардың денесі табылды. Олардың көмірқышқыл газына уланғаны анықталды. 24 қаңтар 2023, 23:59 1 727 рет қаралды
Мейрамхана алдындағы төбелес: екеуі жазаланды, бесеуі бойынша іс қысқартылды Оқиға

Мейрамхана алдындағы төбелес: екеуі жазаланды, бесеуі бойынша іс қысқартылды

16 қаңтарда Атырау қалалық әкімшілік соты мейрамхананың кіреберісінде төбелес шығарған жеті ер адамға қатысты қаулы шығарды. Бұған дейін полицейлер оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша хаттамалар толтырған болатын. 17 қаңтар 2023, 23:26 2 106 рет қаралды
Бағдаршамда екі мәрте көлік соқтығысты Оқиға

Бағдаршамда екі мәрте көлік соқтығысты

Бүгін, 9 қаңтарда Сәтпаев даңғылы бойында Toyota Prado автокөлігі Kia Rio көлігімен соқтығысып, соқтығыс екпінімен Kia Rio көлігі бағдаршамның қызыл түсінде тұрған Hyundai Accent автокөлігіне соқтығысқан. Бейнежазба 9 қаңтар 2023, 16:22 1 522 рет қаралды
Құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен балықшыны іздестіріп жатыр Оқиға

Құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен балықшыны іздестіріп жатыр

5 қаңтар күні Жұмыскер маңындағы Жайық өзенінің үстінде екі ер азамат балық аулап тұрған сәтте мұз ойылып, суға түсіп кеткен. Дереу құтқарушыларды шақырған куәгерлердің арқасында біреуі құтқарылды.  Сурет Бейнежазба 5 қаңтар 2023, 14:27 2 423 рет қаралды
Жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды Оқиға

Жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

19 желтоқсан сағат 21:50 шамасында Әуезов көшесі, 52а үй тұсында 48 жастағы жаяу жүргінші ер адамды көлік құралы қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Жүргінші сол жерде көз жұмды. Сурет 20 желтоқсан 2022, 14:28 1 645 рет қаралды
Атырауда үйде газ жарылып, ерлі-зайыптылар ауыр жарақат алды Оқиға

Атырауда үйде газ жарылып, ерлі-зайыптылар ауыр жарақат алды

Бүгін, 17 желтоқсанда таңғы сағат алты шамасында Жұлдыз мөлтек ауданының 21-көшесінде тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болғаны туралы шақырту түсті. Өрт сөндірушілер жеткен кезде жалпы ауданы 50 шаршы метр болатын уақытша тұрғын үйде газды-ауа қоспасының салдарынан жарылыс болғанын анықтады. Сурет 18 желтоқсан 2022, 00:41 2 183 рет қаралды