Атырау, 5 желтоқсан 08:56
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қарлы боранда жоғалған малшы табылды

1 197 рет қаралды

16 ақпан күні сағат 09:00-да Индер ауданы Өрлік селосынан 30 км қашықтықта орналасқан «Аманғали» қыстағынан бір тәулік бұрын 53 жастағы ер адамның түйемен мал жайлауға шығып, кері оралмағаны туралы хабарлама түсті.

Атырау облысы ТЖД-нен  4 қызметкер мен 1 бірлік техника, сонымен қатар Индер аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, жоғалған азаматтың туыстары мен жергілікті тұрғындар да жедел іздестіру-құтқару жұмыстарына шықты.

- Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде, сол күні 14 сағат 30 минутта «Аманғали» қыстағынан 5 шақырым қашықтықтан жоғалған малшы табылды. Табылған азаматтың жағдайы бірқалыпты, медициналық көмекті қажет етпеді, - деп хабарлады ТЖД.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Атырау облысы ТЖД жолдаған суреттер

16 ақпан 2023, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.