Әлеуметтік желілерде оқушылар мен мұғалімдер қаладағы №8 мектептің ауласында Масленица мерекесін атап өту үшін үлкен алау жаққан видео пайда болды. Мұнда осы ежелгі шығыс славян мерекесінің белгісі ретінде тұлыпты өртейді. Әлеуметтік желі қолданушыларының көпшілігі мерекенің өзіне емес, ТЖД қызметкерлерінің бақылауынсыз мектеп ғимаратының жанында үлкен алау жағылғанына наразылық білдірді.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВ Instagram-дағы өз парақшасындағы тікелей эфирде:
- Мұндай өртке қауіпті шараны оқу орнының аумағында өткізуге болмайды. Оған қоса ТЖД қызметкерлеріне де, қалалық білім бөліміне де хабарланбаған. Сондықтан жаза ретінде мектеп директорына қатаң сөгіс берілді, - деп хабарлады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА