Атырау, 5 желтоқсан 08:41
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ірі мөлшерде кабел ұрлаған

1 566 рет қаралды

Атырауда полиция Жылыой ауданы аумағында бағанаға ілінген электр кабелдерін жасырын жымқырды деген күдікпен ауданның төрт тұрғынын анықтап, ұстады. Қылмыскерлер қолды қылған кабелдің жалпы құны 100 млн теңгені құрайды.  

- Қылмыстық топтағы бір күдіктінің Газель автокөлігін тінту кезінде шамамен 4 шақырым жоғары вольтты электр желінің кабелі тәркіленген. Күдіктілерді жауаптау кезінде олар жасаған әрекеттерін мойындап, ұрланған кабелді Ақтөбе қаласындағы темір-металл қабылдау орталығына тапсырғанын айтқан. Қазіргі уақытта оларға қатысты 16 эпизод анықталды, - деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаментінің бапспасөз қызметі. - Күдіктінің төртеуі де қамауға алынып, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен ("Ірі мөлшерде жасалған ұрлық") сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. 

Айнұр САПАРОВА

Атырау облысы полиция департаменті ұсынған видео

14 қыркүйек 2023, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.